Әлем күткен реюнион: "Достар" сериалының жалғасы шығуы мүмкін

Атағы дәл осы "Достар" сериалы арқылы шыққан Дженнифер Энистон америкалық телеарналардың біріне берген сұхбатында "Достар" жобасы тосынсый дайындап жатыр деп елді дүрліктірді.

Көрерменнің дүрлігетін себебі, 90-шы жылдары бұл сериал нағыз культке айналған жоба болды. Оның бергі жағында дүниеге келгендер де "Достармен" жақсы таныс. Ол кез келген ағылшын тілін үйрету курсының осы сериалға негізделуінде. Тілі жеңіл, әзіл-қалжыңы аралас америкалық сериал 30 жылға жуық уақыт ішінде жаңа көрермен қоспаса, бұрынғысынан айырылған емес.

Сонымен, жаңалыққа қайта оралатын болсақ, сценарий авторлары HBO Max телеарнасының басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.

Жобаға негізгі кейіпкерлерді сомдаған Дженнифер Энистон, Кортни Кокс, Лиза Кудроу, Мэтт Леблан, Мэттью Перри мен Дэвид Швиммер де қайта жұмылдырылады. Сондай-ақ, жоба авторлары Дэвид Крейн мен Марта Кауфман да осы жоспардың жүзеге асуына ниетті. Әрине, бұл реюнион әзірге сөз жүзінде ғана.