HBO "Тақтар ойынының" приквел нұсқасына тапсырыс берді

HBO "Тақтар ойынының" приквел нұсқасына тапсырыс берді
Фото: zen.yandex.ru/

HBO телевизиялық желісінде "Тақтар ойынының" приквел нұсқасы жарыққа шығатыны белгілі болды. Жаңа сериал "Айдаһарлар үйі" (House of the Dragon) деп аталады. Оқиға Таргариендер әулетінің тарихын баяндайды.

Сериалдағы оқиға желісі "Тақтар ойынына"  дейін 300 жыл бұрын болған. Ол Джордж Мартиннің "Жалын мен қан" (Fire & Blood) романының желісі бойынша түсіріледі. Туынды авторы фильм сценарисі Райан Кондалмен бірге жұмыс істейтін болады.

Пилоттық нұсқасын "Тақтар ойының" режиссері Мигель Сапочник түсіреді. HBO телевизиялық желісі әзірге 10 бөлімге тапсырыс берген екен.


Т. Есқали