Тарантино жылдың үздік фильмін атады

Голливуд режиссері Квентин Тарантино биыл шыққан фильмдер арасында "Капкан" картинасын үздік деп атады. Бұл туралы журналист Пит Хэммонд The Deadline басылымында шыққан мақаласында жазды.

Хэммондтың айтуынша, осы фильм Тарантиноны жан-жақты қызықтырған. Сондай-ақ, осы мақтау "Оскар" жүлдесіне ұсынуға жетерлік пе деген сұрақ қойды.  Қазанда Sony компаниясы "Оскар" кинопремиясының жүлдесіне лайықты актерлерді ұсынған еді. Олардың арасында Квентин Тарантиноның "Однажды в ... Голливуде" фильмінде ойнаған Леонардо Ди Каприода бар.

"Капкан" фильмы америкалық Хейли есімді қыз жайлы. Ол Флоридада дауыл кезінде эвакуациялық аймаққа әкесін құтқаруға барады. Олардың үйін су басып, қолтырауындарға толады. 

дереккөз:kaz.tengrinews.kz