#MassFilm: Қараша айында шығатын фильмдер

#MassFilm: Қараша айында шығатын фильмдер
Фото: filmiticos.com/ topgir.com.ua/ kino-teatr.ru/ timeout.ru/ youtube.com

Қазан айы өзінің қорқынышты фильмдерімен есте қалса, келер айда отандық туындылар мен сапалы фильмдер жарыққа шығады. Қараша айында шығатын фильмдер топтамасын ұсынамыз.

7 қараша

Профессор / The Professor /  Во всё тяжкое
Шығарушы ел: АҚШ
Жанры: драма, комедия
Режиссер: Уэйн Робертс
Жас шектеуі: 12+

Картинки по запросу "во всё тяжкое 2019""

Фильмдегі бас кейіпкердің рөлін атақты актерлердің бірі Джонни Депп сомдайды. Колледж профессорына қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін, ол өмірді өзі қалағандай сүруге шешім қабылдайды. Барлық шектеуге қарсы шығып, өзінің дегенін жасайды.

Ұйқы дәрігері / Doctor Sleep / Доктор Сон
Шығарушы ел:
АҚШ
Жанры: мистика, хоррор
Режиссер: Майк Флэнеган
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "доктор сон фильм""

Кішкентай балақай Дэнни Торранстің тылсым күшке ие белгісіз топпен күресіп, әкесінен айырылғалы біраз уақыт өтті. Есейгенімен балалық шақтың сол қорқынышы әлі санасынан жоғалар емес. Бір күні онымен Абра есімді бойжеткен байланысады. Оған дарынды балалардың ізіне түскен "Ақиқат түйіні" тобы шабуыл жасағаны мәлім болады. Дэнни қызды аман алып қалу үшін балалық шағының естеліктеріне қайта оралуға мәжбүр.

Тролль: құйрық туралы ертегі / Troll: The Tale of a Tail / Тролль: История с хвостом
Шығарушы ел: Норвегия, Канада
Жанры: мультфильм
Режиссер: Кевин Манро, Кристиан Кэмп
Жас шектеуі: 0+

Картинки по запросу "Тролль: История с хвостом""

Ормандарды мекен ететін тролльдер патшалығының басына бұлт үйіріледі. Патша Гром қақпанға түсіп, тасқа айналады. Ал, тақ оның ашкөз ағасына өтеді. Тек жас ханзада Трим ғана өзінің әкесі мен патшалығын қауіптен аман алып қала алады. Сол себепті, ол қауіпке толы адамдар әлеміне саяхатқа аттанады.

Әкім / Аким
Шығарушы ел: Қазақстан
Жанры: комедия
Режиссер: Нұртас Адамбай
Жас шектеуі: 12+

Картинки по запросу "аким фильм 2019""

Қаланың қолайлы өміріне үйренген Азаматты әкім ретінде Таза Бұлақ ауылына жібереді. Бастапқыда ауылдың тыныс-тіршілігіне үйрене алмаған ол қалаға кетуді аңсайды. Байланыстың нашар болуы, жуынатын жер мен әжетхананың далада орналасуы, мемлекеттік тілде сөйлей алмауы жағдайды одан әрі шиеленістіре түседі. Оның әкесі бұл мәселені шешуге уәде береді, ал Азамат оған дейін "жақсы әкім" рөлін ойнауы тиіс. Ол амалсыз бұған келіседі. 

Жәннат дөңдері / Paradise Hills / Райские холмы
Шығарушы ел:
Испания
Жанры: Фэнтези
Режиссер: Элис Вэддингтон
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "райские холмы""

Жұмаққа қош келдіңіз! Бұл — "Жәннат дөңдері" деп аталатын жоғары технологиялар негізінде құрылған арал. Бақуатты отбасылар өздерінің қыздарын "мінсіз" етіп тәрбиелеу үшін осы жерге жібереді. Егер сіз жоғары тап өкіліне жататын болсаңыз, сіздің бар болмысыңыз соған сай болуы тиіс. Бұл жерде тәрбиеленгендерді жарқын болашақ күтеді. 

14 қараша

Нағыз суайт / The Good Liar / Хороший лжец
Шығарушы ел: АҚШ
Жанры: драма, детектив
Режиссер: Билл Кондон
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "хороший лжец фильм""

Кәсіби алаяқ Рой Кортни желі арқылы бай әрі жесір Бетти Маклишпен танысады. Жесірдің асты-үстіне түсіп, ол оның барлық байлығына қол жеткізеді. Бірақ, Рой жұмбақ әйелге ғашық екенін ұғады. 

Мидуэй / Midway / Мидуэй
Шығарушы ел: АҚШ, Қытай
Жанры: драма, әскери, тарихи
Режиссер: Роланд Эммерих
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "мидуэй фильм 2019""

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Тынық мұхитында болған шайқас тарихын баяндайтын фильм оқиғасы 1942 жылдан басталады. Адмирал Честер Нимицтің арқасында Мидуэй аралындағы жапондармен шайқаста америкалық флот жеңіске жетеді.  

Қанатыңды жай / Donne-moi des ailes / Расправь крылья
Шығарушы ел: Франция, Норвегия
Жанры: отбасылық, шытырман
Режиссер: Николя Ванье
Жас шектеуі: 6+

Картинки по запросу "расправь крылья фильм""

Кристиан бар өмірін жабайы үйректерді құтқару жұмыстарына арнайды. Оның ұлы үшін демалысын әкесімен өткізу – нағыз азап. Бірақ, құстарды аман алып қалу үшін олар күш біріктіріп, қауіпті әрі ұмытылмас сапарға аттанады. 

Чарли періштелері / Charlie's Angels / Ангелы Чарли
Шығарушы ел:
АҚШ
Жанры: әскери, комедия, шытырман
Режиссер: Элизабет Бэнкс
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "charlie's angels 2019""

Чарли басқаратын Таунсенд жекеменшік агенттігі әлем бойынша өздерінің жаңа кеңселерін ашады. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жаңа кәсіби "Періштелер" тобы өздерінің тапсырыс берушілерінің қауіпсіздігі үшін жандарын беруге дайын.

Ford пен Ferrari арасындағы бәсеке / Ford vs Ferrari / Ford против Ferrari
Шығарушы ел:
АҚШ
Жанры: биография, спорт, драма
Режиссер: Джеймс Мэнголд
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "ford против ferrari фильм""

Бәсекелестерінің көп болғанына қарамастан, Энцо Феррари көліктер жарысында қашанда бәрін артта қалдыратын. Талантты Генри Форд оның мансабына нүкте қою үшін, атақты көлік құрастырушылар мен инженерлерді жинап, өз автокөлігін жасап шығады. Ле-Манада өткен беделді көлік жарысына екі таланттың автокөліктері қатысады. Бұл жолы жеңіс кімге бұйырады? 

Арктика қорғаушылар / Arctic Justice / Стражи Арктики
Шығарушы ел: Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Канада
Жанры: отбасылық, мультфильм
Режиссер: Аарон Вудли
Жас шектеуі: 6+

Картинки по запросу "Стражи Арктики""

Аңдар Полюсіне қош келдіңіз! Бұл аймақта ірі, азулы жануарлар көп. Бірақ, олар өз атақтарын әлемге шығару үшін бүкіл ғаламшарға зиянын тигізуге дайын. Тек кішкентай бірақ, батыл жануарлар ғана өздерінің туған мекені Солтүстік полюсті қорғауға дайын. Олар — Арктика қорғаушылары. 

21 қараша

Біздің дәуірімізге дейінгі сымбаттылар / Красавчики до нашей эры
Шығарушы ел:
Қазақстан
Жанры: комедия
Режиссер: Медет Аманбаев

Картинки по запросу "Красавчики до нашей эры""

Алғашқылар дәуірінде өмір сүріп жатқан — "сымбаттылар тайпасы". Оларға ешнәрсенің қажеті жоқ. Бос уақытта күннен тығылып, көлеңке жағалайды, пайдалы іс дегеннің не екенін мүлде білмейді. Оларға азық беретін көрші тайпа — "жұмысшылар тайпасы". Бір күні "жұмысшылар тайпасы" жоғалып кетеді...

Даунтон аббатствосы / Downton Abbey /Аббатство Даунтон
Шығарушы ел:
Ұлыбритания
Жанры: драма
Режиссер: Майкл Энглер
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу "аббатство даунтон 2019""

Әрбір ақсүйектің өміріндегі маңызды жайт — билеуші монархты өз үйінде қонақ ету. Бірақ, кезекті шара кезінде жекежайда тұрақтаған әлдекімнің патшаға қарсы қастандық әрекет ұйымдастырғалы жатқаны белгілі болады.  

Кері санау / Countdown / Обратный отсчет
Шығарушы ел:
АҚШ
Жанры: хоррор
Режиссер: Майкл Энглер
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "обратный отсчет 2019 фильм""

Біз технология ғасырында өмір сүреміз. Егер қанша өмірін қалғанын мобильді қосымшалар арқылы білуге болса ше? Бас кейіпкер қосымша арқылы өзінің небәрі 3 күн өмірі қалғанын түсінеді. Ол өлімнен қашып, құтыла алар ма екен? 

Балақай Джо / Little Joe / Малыш Джо
Шығарушы ел:
Австрия, Ұлыбритания, Германия
Жанры: қиял-ғажайып, драма
Режиссер: Джессика Хауснер
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "Малыш Джо""

Жалғызбасты аналардың бірі Элис өсімдіктің жаңа түрлерін өсіретін бөлімде жұмыс істейді. Ол егер дұрыс күтім жасаса, өз иесін бақытқа бөлейтін өсімдік түрін шығарады. Бірақ, бұл өсімдіктің зерттеушілерге беймәлім қасиеті бар. 

28 қараша

Мұзды өлке / Frozen II / Холодное сердце 2
Шығарушы ел:
АҚШ
Жанры: қиял-ғажайып, мультфильм
Режиссер: Крис Бак, Дженнифер Ли
Жас шектеуі: 6+

Картинки по запросу "холодное сердце 2""

Анна, Эльза, Кристоф, олардың сенімді досы Свен бұғы мен ешқашан мұңаймайтын аққала Олаф өздерінің патшалығы Эренделлден кетуге мәжбүр. Солтүстікке аттанған олар түрлі шытырман оқиғаларды бастан кешеді. 

Қолдағы пышақ / Knives Out / Достать ножи
Шығарушы ел:
АҚШ
Жанры: триллер, комедия, криминал
Режиссер: Райан Джонсон
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "Достать ножи""

Қылмыстық оқиғалар мен тыңшылар туралы роман авторы Харлан Тромби 85-жылдығын атап өткеннен кейін, өлі күйінде табылады. Оның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін детектив Бенуа Блан істі өз қолына алады. Басты күдік оның отбасы мүшелеріне түседі.  

Фильм қарау — отбасымен, достармен уақыт өткізудің ең тиімді тәсілі. Барған фильмдеріңіз туралы пікір қалдыруды ұмытпаңыз.

Т. Есқали