"Аддамс әулеті" жайында не білесіз?

"Аддамс әулеті" жайында не білесіз?
Фото: dansmediadigest.co.uk

Атақты "Аддамс әулеті" сюжеті бойынша түсірілген мультфильмнің тұсаукесері 24-қазанда өтті. Готикалық стильде өмір сүріп жатқан отбасының басынан кешкендері алғаш рет комикс түрінде The New Yorker басылымында 1938 жылы жарыққа шыққан болатын. Бүгін біз әйгілі сериал, фильмдер мен мультфильмдерге бастама болған "Аддамс әулеті" туралы қызықты деректермен бөлісетін боламыз.

Отағасы – испан текті миллионер Гомер. Ол мұртты, айқын испандықтарға тән темпераментке ие. Оның тартымды, аққұба әйелі Мартиша өзін нағыз миллионердің жарына сәйкес ұстайды. Ал, қыздары Уэндзи (Уэндздэй) мысқылды жақсы көретін, әрдайым мектеп формасымен жүрсе, ұлдары Паксли аққөңіл, әрқашан шу көтеруден шаршамайды. 

Бұл отбасының кейіпкерлерін америкалық суретші-карикатурист Чарльз Аддамс ойлап тапты. Ол Гомер Аддамстың прототипі саналады. 

Чарльз тарихы:
Чарльз Нью-Джерсидегі жекежайда өседі. Ол бала кезінен зират кезіп, бос қалған  жекежайларды бақылағанды жаны сүйген. Ал комикс салуды ол мектеп кезінде бастап, 1933 жылы өз жұмыстарын New Yorker басылымына жолдаған. Тек 1938 жылы ғана журналда оның комиксі жарық көрген. Осылайша өмірге Аддамс жанұясы мен оның құпияға толы оқиғалары келген. Сол уақытта комикстің атауы болмаған. Алғашқы комиксте арық әйел адам мен оның артында күзетшісі бейнелеген. Кейін әйелді Мортиша десе, күзетшіге Ларч есімін ерген. Олардың оқиғалары New Yorker басылымында 50 жыл бойына жарыққа шыққан. 1988 жылы суретші қайтыс болғаннан кейін, оқиға аяқсыз қалған. Чарльз Аддамс өзінің кейіпкерлеріне өз тегін беріп,  Мортиша мистикалық құбылыс иесіне атаған. Mortician ағылшын тілінен аударғанда зиратшы дегенді білдіреді. 

Чарльз Аддамс дарынды суретші ғана емес, керемет талғамға ие адам болған. Сондықтан оның кейіпкерлері әрқашан сәнді киінген, Гомер Аддамс қымбат шылымдар шексе, отбасы ерекше көлік мінген. Суретші үшін Аддамс жанұясы сол уақыттағы бай, табысты, көршілерінің ызасын келтіретін америкалық отбасының келбеті саналатын. Кейіпкерлердің готикалық стильдегі жекежайы жазушының Нью-Джерсидегі үйіне ұқсаса, әрленуі өзінің Нью-Йорктегі пәтеріне сәйкес жасалған. Аддамс ескі қарулар, антквариаттарды жақсы көрген. 

Биографтар Аддамсты "талғаммен кейінген, шашын артқа қайырған сыпайы жігіт әрі тартымды" деп сипаттаған. Ол халық алдына Грета Гарбо, Джоан Фонтейн және Жаклин Кеннеди сынды әйелдермен бірге шықса, Хичкок және Рэй Брэдберимен дос болған.   

1964 жылы ABC арнасында "Аддамс әулеті" туралы алғашқы сериал жарыққа шығып, ол екі жыоға созылады. Бірақ, Аддамстардың нағыз болмысын 1991жылы түсірілген Барри Зонненфельд режиссердің жұмысы ғана аша алады. Мотишаның сомдайтын Актриса Анжелик Хьюстон өз кейіпкеріне лайықты болу үшін күні бойы корсет киіп,  түсірілімге кеткен 100 күн бойына қосымша қабақ жабыстырған. 

Әлі күнге дейін талқыланатын образдардың бірі Уэндздэй рөліндегі Кристина Ричидің рөлі. Кішкентай қыз аққұба әрі әрдайым қос өріммен жүретін. Ол бірден көрерменнің үрейін ұшырды. Ал фильмге кеткен бюджет аз болмады. Тек 100 мың доллар готикалық жекежайды тұрғызу үшін кетті. Фильм "үздік костюм" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесін иемденсе, "Алтын глобус", Сатурн, BAFTA жүлделерінің иегері атанды. 1993 жылы фильмнің екінші бөлімі "Аддамстардың отбасылық құндылығы" деген атаумен шықты. 

Бірнеше күн бұрын ғана жарыққа шыққан мультфильмді дыбыстауға ең атақты актерлер атсалысты. Мортишаны – Шарлиз Терон, Гомес Аддамсты – Оскар Айзек, Уэндздэйд– Хлоя Грейс Морец дыбыстаған. Сценарий авторы – Памела Паттлер. Ол осы уақытқа дейін Тим Бартонның "Қалындық мәйіті" атты мультфильмінің сценарийін жазған болатын. Сюжеті бойынша Аддамс әулеті жаңа жекежайға көшіп келеді. Бірақ, олардың күнделікті өміріне көршісі Марго Нидлер кедергі жасамақ. Мультфильм балаларға да, ересектерге де қызықты естеліктер қалдырады. 

Т. Есқали