"Том мен Джерри" толықметражды фильмі қашан шығады?

"Том мен Джерри" толықметражды фильмі қашан шығады?
Фото: vk.com

Warner Bros студиясы "Том мен Джерри" толықметражды фильмінің премьерасын 2020 жылдың 23 желтоқсанына ауыстырды. 

Алғашында көпшілік сүйікті кейіпкерлерімен 2021 жылдың сәуір айында қайта қауышпақ болған. Бірақ, фильм жұмысы ойлағаннан аз уақыт ішінде аяқталғанға ұқсайды. Тим Стори мысық пен тышқанның "соғысын" кинотеатрларға ертерек бермек. 

Жаңа картинаның сюжеті бойынша, Том Нью-Йорк қаласындағы керемет қонақүйде тұрады. Ал мұнда ойламаған жерден Джерридің келуі үйлену тойының шырқын бұзбақ. Қонақүй қызметшісі Томға тышқаннан қалай да құтылу керек екенін айтады. Қызықтың бәрі осыдан кейін басталады. 

Аталған комедияға Хлоя Морец, Майкл Пенья, Кен Джонг, Роб Делани сынды белгілі актерлер түскен.

А. Оралқызы