"Оскар" сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды

"Оскар" сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды
Фото: Metro US

"Оскар" сыйлығына басты үміткерлердің есімі белгілі болды. Олар: Леонардо Ди Каприо, Мэттью Райс, Роберт Паттинсон және Джонатан Прайс. 

Sony Pictures компаниясы "Күндердің бір күнінде... Голливудта" (Однажды в… Голливуде) фильмінде басты рөлде ойнаған Леонардо Ди Каприоны үздік актер, ал Брэд Питті екінші пландағы үздік актер номинациясына ұсынды. Компания мұндай шешімді Брэд Питтің екінші пландағы үздік ер рөлі үшін "Оскар" сыйлығына алу мүмкіндігі жоғары екенімен түсіндірді.

Sony болса "Көршілес тамаша күн" ("Прекрасный день по соседству") фильміне түскен Мэттью Райс пен Том Хэнксты "Оскар" сыйлығына ұсынды. А24 студиясының таңдауы "Шамшырақ" ("Маяк") фильмінің актерлары Роберт Патинсон мен Уиллем Дэфоға түскен. Netflix бұрын-соңды "Оскар" сыйлығына ұсынылмаған Джонатан Прайсты таңдаған. Ол "Екі әке" ("Два папы") туындысында басты рөлді сомдады. 

Бұған дейін "Қазақ хандығы. Алтын тақ" фильмі Қазақстанның атынан "Оскар" сыйлығына ұсынылған болатын. Екінші маусымның оқиға желісі Жәнібек пен Керей хандардың Әбілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Қазақ хандығының Сығанақтағы тағы үшін таласы айналасында өрбиді. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының негізінде  жазылған.

Айта кетейік, "Оскар" сыйлығының 92-ші табыстау салтанаты 2020 жылдың 9 ақпан күні Кинематографиялық өнер және ғылым Академиясында өтеді. Тек үздіктерге табысталатын сыйлыққа 24 номинацияда үміткерлер 13 қаңтар күні толық белгілі болады.

2019 жылы үздік фильм ретінде Питер Фарреллидің "Жасыл кітабы" танылған еді. "Богемалық рапсодия" 4 "Оскар" иеленді, олардың бірі Рами Малекке "Үздік актер" аталымы бойынша табысталды. "Рома" секілді әлемді дүрліктіріп 10 номинацияға ұсынылған "Фаворитка" тек 1 "Оскар" алды. Басты рөлді сомдаған Оливия Колман "Үздік актриса" атанды. Ал 10 аталым бойынша бақ сынаған Куаронның "Ромасы" үздік режиссура, үздік оператор жұмысы үшін бағаланды. Сондай-ақ, бастысы, "Үздік шетелдік фильм" атанды.

 
А. Рысдәулет