Киносеанстан ләззат алу үшін қай орынды таңдаған абзал?

Киносеанстан ләззат алу үшін қай орынды таңдаған абзал?
Фото: Depositphotos.com

Фильмді үйден көру кинотеатрдағыдай әсер бермейді. Сеанстан барынша ләззат алу үшін залдан дұрыс орын таңдай білу керек. Көпшілік залдың қақ ортасынан орын алуды жөн көреді. Ал кино мамандары не дейді? Мысал ретінде 9 қатардан және 12 орыннан тұратын залды қарастырайық.

Дыбыс жақсы естілетін орындар 

ТНХ халықаралық дыбыстық ұйымының технологиялық директоры Стив Марцтың айтуынша, кинотеатрды жобалаушылар көрермен отыратын кез келген орынға дыбыс қатты әрі сапалы естілетіндей жасайды. Бірақ ең жақсы дыбыс тестілік құрылғы тұрған жерден шығады. Әдетте, оған экраннан 2/3 қашықтықта орналасқан қатардың қақ ортасындағы орындар жатады. Бұл әдіс бойынша орын таңдау үшін залдағы қатарларды ойша 3-ке бөліңіз. Содан соң 2-ші мен 3-ші бөліктердің қиылысқан жеріндегі қатарды таңдап, оның ортасындағы орындарды алыңыз. Егер 9 қатардан және 12 орыннан тұратын залды алсақ, ең жақсы дыбыс естілетін орындарға 6-қатардағы 5, 6 ,7 және 8-ші орындар жатады.

Денсаулыққа қауіпсіз орындар

Егер экранға жақын отырсаңыз, фильмнің ортасына жақындағанда мойныңыз ауыра бастайды. Көз дәрігерлерінің айтуынша, көз үшін бірінші және соңғы қатардың арасында еш айырмашылық жоқ. Бірақ омыртқаға зиян тимес үшін алғашқы қатарлардан аулақ болған жөн.

Толықтай шолуға ең жақсы орындар

Залдағы ең соңғы қатардан бастап 36 градус жазық бұрышпен алынған орындар – кескіні бойынша да, дыбысы бойынша да жақсы орындар.

Кино бағалаушыларға арналған ең жақсы орындар

Көпшілік шеткі орындарды алмауға тырысады. Бірақ егер фильмді адамдардың әңгімелеріне алаңдамай көргіңіз келсе, шеткі орындарға отыру – ең дұрыс таңдау. Біріншіден, шеткі орындардан адамдардың сыбыры, гаджеттердің жырығы, попкорнның дыбысы және басқа да жүйкеге тиетін дыбыстар азырақ естіледі. Екіншіден, шеткі орындардан сыртқа жылдам шығып келе аласыз.

3D фильм көруге арналған ең жақсы орындар

Үшөлшемді графикадан барынша ләззат алу үшін сарапшылар 6-қатардың ортаңғы орындарын алуды ұсынады. Экранға жақын отсаңыз, кей арнайы эффектілердің артынан еріп, басыңызды үнемі қозғап отырасыз және кей 3D-объектілер кешігіп пайда болады. Ал экраннан өте алыс отырсаңыз, эффектілердің барлығын бірдей көрмейсіз.

Экран жарықтылығы ең жақсы орындар

Заманауи кинотеатрлардың көпшілігіне жарықты нақты бағытта шағылыстыратын күміс экрандар орнатылған. Отырған жеріңізге қарай, жарық қиғаш таратылғандай көрінуі мүмкін. Мысалы, бірінші қатардың шетіне отырсаңыз, экранның бір бөлігі жарық, басқа бөлігі қараңғылау болып көрінеді. Сондықтан кинотехнологтар ортаңғы орындарды таңдауға кеңес береді, сол кезде жарықтық тегіс, ал бұрмалау минималды болады.

А. Жапатова