Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Асан" фильмі Румыниядан жүлдемен оралды

"Асан" фильмі Румыниядан жүлдемен оралды

Режиссер Берік Жаханов түсірген «Асан» қысқаметражды фильмі Румынияда өткен халықаралық Short to the Point  кинофестивалінде  «Үздік ер адам рөлі» (актер Азат Жұмаділ) және «Үздік операторлық жұмыс» (операторы Шерхан Тансықбаев) жүлделерімен мараптталды. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген  «Асан» фильмі әкесін ақтық сапарға шығарып салуға жолға шыққан бозбала туралы баяндайды. 

Естеріңізге сала кетсек, былтыр «Асан» фильмі 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің Short Film Corner аясында (әлемнің қысқаметражды туындыларына арналған) көрсетілген болатын. Сонымен қатар 2018 жылы картина бірнеше халықаралық кинофестивальдерге қатысып, көптеген жүлделерге ие болды, атап айтсақ, Республикалық «Байқоңыр» фестивалінде «Үздік актер» жүлдесімен, Бакуде өткен 9-шы Халықаралық Start film festival  кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесімен, «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясы бойынша «Құлагер» жүлдесімен, Ташкентте өткен «Пролог» кинофестивалінде арнайы жүлдемен және Екатеринбург қаласында өткен XV Халықаралық «Кинопроба» киномектебі фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды. Биыл сәуір айында бұл кинотуынды Татарстанның астанасында өткен XV халықаралық мұсылман киносы фестивалінің конкурсына қатысқан болатын.  

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні: 19 қазан, 08:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.