Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Айна менің ең жақын досым, себебі, ол мен жылаған уақытта күлмейді

Айна менің ең жақын досым, себебі, ол мен жылаған уақытта күлмейді

Айна менің ең жақын досым, себебі, ол мен жылаған уақытта күлмейді

Чарльз Чаплин сыртқы келбеті қаңғыбасқа, ішкі жан дүниесі мырзалық сипатқа ие Чарли образын жасады. Үлкен киноның кішкентай актері болған әйгілі тұлғаның даналық сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.
 
• Комедия жанрында фильм түсіру үшін маған саябақ, полиция қызметкері және бір әдемі қыз жетеді.
 
• Жақсы көрілмегендер жек көреді.
 
• Мен айта-айта жауыр болған тақырыпты қаузаудан қорықпаймын. Себебі, өмірдің өзі жауыр болған тақырып. Біз өмірге келеміз немесе өлеміз, ұйықтаймыз, үш мезгіл тамақ ішеміз, сүйеміз не сүймейміз.
 
• Өмірдегі қайғылы оқиға – ен байлыққа үйреніп қалу
 
• Ешқашан сәби болмағандар есеймейді.
 
• Үнемі төменге қарап жүретін адамдар, кемпірқосақты көрмейді
 
• Күлкісіз күн – босқа өткен күн
 
• Ақыл кейде мені уайымға салады, бірақ оны жүрекпен үйлестіре алсам, бірден баға жетпес одақтасыма айналады
 
• Мен кедейліктен ешқандай сұлулық және ғибрат көрген жоқпын. Ол маған ештеңе үйретпеді. Өмірдегі баға жетпес деген естеліктерімді бұзды. Қоғамның жоғарғы тобы деп аталатын байлардың таңдауы мен әдетін құрметтемеуді ұқтырды.
 
• Барлығы шынайылықта. Егер қарт адам банан қабығына тайып жығылса күлмейміз. Ал бай, джентельмен жігіт тайып жығылса ішегіміз түйілгенше күлеміз.
 
• Менің қайғым біреудің қуанышына себеп болуы мүмкін. Бірақ менің күлкім біреудің қайғысына себеп болмауы керек.
 
• Айна менің ең жақын досым, себебі, ол мен жылаған уақытта күлмейді.
 
• Ойлану қабілеті скрипка немесе роял ойнауға ұқсайды. Онымен күнде шұғылданып тұру керек.
 
• Өмір репитицияланбайтын пьеса. Сондықтан перде жабылып, спектакль бітпегенше ешқандай шапалақты күтпей ән айт, биле, күл және қолыңнан келгенше жақсы өмір сүр.

0
Рейтинг: +0

Фото: bor-odin.livejournal.com
Қосылған күні: 14 қазан, 16:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.