Че Гевара:

Че Гевара: "Мотоциклист күнделіктері"

Латын Америкасының аты аңызға айналған революционері Че Гевара 1967 жылдың дәл осы күні, яғни, 9 қазанында Орталық барлау басқармасы агенттерінің қолынан қаза тапты.

Өз құрлығын мекен еткен әр ұлт өкілінің бақытты болуын қалап, әділеттілік үшін күресте жанкештілік танытқан команданте қазір нағыз романтикалық кейіпкерге айналып, есімі адамзат тарихына мәңгілікке жазылды.

Бірақ көпшілік оның атағын шығарған Куба революциясына дейін кезбе жиһанкез болғанын біле бермейді. Латын Америкасын тұтас кезіп, қарапайым халық тіршілігінің куәгері болып қана қоймай, білген-түйгенін қағазға түсіріп отырған.

1952 жылы досы Альберто Гранадоспен бірге аттанған бұл сапар жазбалары құндылығы жағынан битник қаламгерлердің королі – Джек Керуактың "Жолда" романынан кем түспейді. "Мотоциклист күнделіктері" деген атаумен жарық көрген кітап негізінде кейін бірнеше фильм түсірілді.

Че Гевараның осы сапары революциялық ойлардың бастауы болды. Әлем жұртшылығы үшін әділеттілік символына айналған батырдың кумирі қазақтың Бауыржаны болатын.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептерді дамыту. i-balaqai жобасында − Нұрмұxаммед Досыбаев
Қазақстандық мектептерді дамыту. i-balaqai жобасында − Нұрмұxаммед Досыбаев
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі