Футбол туралы фильмдер

Футбол туралы фильмдер
Фото: wikipedia.org

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында биыл "Жыл үздігі" атанған Мессидің жеңісі әділетсіз болды деп қызу талқыланды. Футбол жанкүйерлері де бұл уақытта шыр-пыр болып, біраз жүйкелерін жұқартты. Енді демалатын уақыт келді. Сол себепті, Massaget.kz порталы үздік футбол туралы фильмдерді назарларыңызға ұсынады.

Жаттықтырушы / Mike Bassett: England Manager  (2001)
Картинки по запросу Mike Bassett: England Manager

Англияның футбол командасы жеңілгеннен кейін, олардың жаттықтырушылары жүрек талмасынан қаза табады. Оның орнына лайықты адам табылмайды: шетелдіктерді керек етпейді, ал өзарасынан іліп алары жоқ. Нәтижесінде Англия құрамасының жаттықтырушы ретінде Майкл Бассетт тағайындалады. Ол Бразилияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамды жинақтап, дайындық жүргізуі керек. Оның ескі жаттықтыру әдісі іске аспайды, командасы әрдайым жеңіледі. Жанкүйерлер оны жек көріп, БАҚ оны таптауға тырысады. Ойламаған жерден, Бассеттің командасы әлем чемпионатына тап болады. Енді оны адам сенгісіз сәттер күтеді. 

Бұзақылар / Hooligans (2005)Картинки по запросу hooligans film

Гарвард университеті, журналистика факультетінің студенті Мэтт Бакнерді жасамаған қылмысы үшін оқудан шығарады. Оның мансабы күйреп, болашағы бұлыңғыр бола түседі. Істерге іс таппаған ол тұрмыстағы әпкесі Шеннонға бару үшін Лондонға аттанады. Жездесі өзінің інісі Питпен таныстырады. Онымен достасып алған ол өзіне футбол әлімін ашады. Жаға достар табады. Бұзақы жанкүйерлер ортасына түскен оны шытырман оқиғалар күтеді. 

Гол / Goal (2005)Картинки по запросу Goal  film
Кәсіби футболшы болуды армандайтын Сантьяго Муньес Англияға аттанады. Өмір оған арманына жету жолында махаббатын кезіктіріп, достар табуына мүмкіндік береді. Ал, арманын шындыққа айналдыру үшін оған тек жігер қажет.


Жабық алаң / Offside (2006)
Картинки по запросу Offside film

2005 жылдың 8 тамызы. Футболдан әлем чемпионатына іріктеу матчы Иран мен Бахрейн құрамаларының арасында жүріп жатыр. Жеңген жағдайда Германияға мүмкіндік алады. Бұл уақытта ер адамдармен қатар ұлттық құраманы қолдауға келген әйела адамдар стадионға кіру үшін бәрін істейді…

Марадона / Maradona by Kusturica (2008)Картинки по запросу Maradona by Kusturica

Фильмде Диего Марадонының өмірі баяндалады. Одан бөлек, футболшының есірткіге тәуілділігі, отбасы, достары мен оның қызметі сипатталады. 

Қарғыс атқыр, Юнайтед / The Damned United (2009)Картинки по запросу The Damned United

Дарынды шабуылшы Брайан Клаф алған жарақаттан соң "Дерби Каунти" құрамасының бас жаттықтырушы болып орналасады. Клуб Англияның чемпионы атанғаннай кейін, оның мансабы көтеріліп, "Лидс Юнайтед" клубына аттанады.

Юнайтед / United (2011)Картинки по запросу United film 2011

1958 жылдың ақпанында Мюнхендегі әуе апатынан "Манчестер Юнайтед" команда мүшелері, журналистер мен клуб қызметкерлері қаза табады. Ойыншылардың орта жасы небәрі 22 жас болатын. Олардың жаттықтырушыларының тегімен "Басби балақайлары" деп атады. Олар басынан бастап "Манчестер Юнайтед" клубында жаттығып, осы жерде есейген болатын. Осындай қаралы жағдайда жаттықтырушының көмекшісі Джимми Мерфи ғана батылдық танытып, бар күш-жігерін жинап, жоғалған команданы қайта құрады. 

Спорттың қай түрі болмасын, әрқайсысының өз тарихы мен жолы бар. Бұл сол тарихи сәттердің ешкім білмейтін бөліктерін ғана бейнеге сыйдырған картиналар. Сіздің сүйікті фильміңіз қандай?


Т. Есқали