The Beatles тобы туралы байопиктер

The Beatles тобы туралы байопиктер
Фото: regnum.ru

5 күн бұрын Дэнни Бойлдың ("Лашықтан шыққан миллионер" фильмінің режиссері) The Beatles тобы туралы білетін жалғыз адамның басынан кешкенін баяндайтын "Кеше" (Yesterday) атты фильмі үлкен экранға шыққан болатын. Бүгін біз өз заманының ұлылары атанған The Beatles  рок тобы туралы фильмдер топтамасын ұсынамыз.

"Two Of Us"
"Екеуміз"
(2000)

Картинки по запросу двое из нас 2000

Фильм шынайы оқиға негізінде түсірілген: The Beatles тобының бұрынғы әншілері 1976 жылы Нью-Йоркте кездеседі. Пол Маккартни өзінің ескі досы Джон Леннонға қонаққа келеді. Джон мен Пол бірнеше күн бірге болады. Басында пәтерде, кейін қала көшесімен серуендеуге аттанады.Орталық саябақта біраз қыдырғаннан кейін олар тамақтанып алып, Дакота шатырына көтеріледі. Оқиға Джон мен Полдың топтың қайта қосылуын баяндап жатқан телебағдарламаны көруімен өрбиді. Джон Полға студияға барып, көрермендер алдында ән салуды ұсынады. Пол келісіп, гитараны алуға машинаға жүгіріп кетеді. Бір уақыттары әншілер арасында келіспеушіліктер болып, топтың тарағаны туралы хабар жетеді. Кейде өкпе-реніштің бәрі оңаша тілдескенде ғана ұмытылады. 

"Chapter 27"
"27-бөлім"

(2006)

Картинки по запросу Chapter 27

8 желтоқсан, 1980 жыл. Нью Йорк. The Beatles тобының бұрынғы мүшесі Джон Леннонның қаза тапқан күні. Әншінің үйінің жанында Марк Чепмен есімді фанаты тапаншадан бес оқ атып үлгереді. Фильм музыканттың соңғы сағаттары мен қанішердің өмірін баяндайды. Қанға толы оқиғаға дейін Чэпменнің психикалық жағдайы кенеттен нашарлап,  "Дакота" алдында жиналған фанаттардың әрекеті оның шамына тие бастайды. Кісі өлтірген ол "Жар жағалаған жалғыз" атты Д. Д. Сэлинджердің кітабын оқып отырып, полицейдің келгенін күтеді.  

"Nowhere Boy"
"Ғайыптан келген бала"

(2009)

Картинки по запросу Nowhere Boy

Оқиға 1955 жылы басталады. Джонның ағасы Джордж Смит қайтыс болады. Бес жасынан бастап Джон өзін туған баласындай өсірген Мими әпкесімен өмір сүреді. Анасы Джулия оны ертеректе қалдырып кеткен. 15-жастағы Леннон екі "анасымен" де араласады. Әпкесі оның оқуын қадағалап, бұрыс бағыттан қорғауға тырысса, туған анасы оны ересектер өміріне бірге алып кеткісі келеді. Фильм Джон Леннонның өміріне арналады. 

"Lennon Naked"
"Джон Леннон"

(2010)

Картинки по запросу Lennon Naked

Джонның өміріндегі ең қиын сәттер оның The Beatles тобындағы соңғы жылдарымен сәйкес келеді: топты басқару жауапкершілігін Маккартни өзіне алады, ал Леннонды бұл уақытта тек есірткі мен жары Йоко Оно ғана қызықтырады. Джон Леннон бұл фильмде топ жанкүйерлері елестеткендей періште емес. Керісінше, әншінің пендешілігі мен қателіктерін көруге болады.  

Т. Есқали