Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Мемлекет 18 фильмнің түсірілімін қаржыландыратын болды

Мемлекет 18 фильмнің түсірілімін қаржыландыратын болды

Мемлекет 18 фильмнің түсірілімін қаржыландыратын болды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі түсіріліміне мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға ие болған киножобалардың тізімін бекітті. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы хабарлады.

Еске салайық, 2019 жылдың 28 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған бірінші іріктеу байқауының қорытындысы жасалды.

Отырыс барысында өндірісіне қаржылық қолдау білдіру үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптама кеңесі мақұлдаған 60 киножоба туралы ақпарат тыңдалды. Аталған тізімдегі киножобалар – ұлттық фильм статусы талабына сай келетін, оның ішінде, ұлттың рухани қажеттіктерін қанағаттандыратын көркемдік деңгейі жоғары, мемлекеттің ұстанымына сай келетін және оның кино өнері арқылы танымалдығына ықпал ететін туындылар.

Сонымен қатар, маңызды аспектілердің бірі – кино Қазақстанда түсірілуі қажет, сонымен қатар отандық кинокомпаниялар шетелдік компаниялармен бірлесіп те түсіре алады.

Отырыс нәтижесінде 12 әлеуметтік маңызы бар фильм іріктелді. Олар "Аллая нить судьбы", "Возвращение учителя" және "Туркестан – вчера, сегодня, завтра" деректі фильмі мен "Боксер", "Время патриотов", "Выбор", "Жизнь", "Қажымұқан", "Обучение Адемоки", "На старте", "Тырналар", "Хардкор" көркем фильмдері.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері "Огонь" дебюттік фильмін, "Ақын" және "Слепая любовь" бірлескен киножобалары мен "Каникулы оффлайн-2", "Нартай", "Спасение в степи" көпшілік көрермен аудиториясына арналған фильмдерін таңдады.

#MassFilm: Қыркүйек айында шығатын фильмдер

Мақұлданған киножобалар Мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық фильмдер өндірісінің тақырыптық жоспарына еніп, бірыңғай оператор – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы биыл мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 11 қыркүйек, 12:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.