Тимур Бекмамбетовтың өз кинотеатрына арналған тың жоспарлары

Тимур Бекмамбетовтың өз кинотеатрына арналған тың жоспарлары

Жақында "Алмалы" сауда орталығында режиссер Тимур Бекмамбетовпен кездесу өтті. Ол онда өзінің жаңадан ашылған "Бекмамбетов Синема" кинотеатры жайында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Ең алдымен Бекмамбетов атап айтарлықтай игі іс жөнінде сөз қозғап өттті. Қандай игі іс дейсіз ғой? Кино көруге қаражаты жоқ, не шамасы келмейтін жандарға арнап қайырымдылық шарасын өткізетінін айтты. Сонымен қатар ол жас та, талантты режиссерлердің еңбектерін экранға жіберуге және шығармашылық жиындар өткізіп тұруға уәде берді. "Тікелей сұхбат құру үшін ресейлік әріптестерімді де шақыратын боламын", - деді ол өз сөзінде. 

Кинотеатрдағы кинофильмдер субтитр арқылы өз тілінде сөйлейтін болады. Мұны дұрыс көріп отырған кинотеатр президенті әрі кинокомпанияның құрушысы Тимур Бекмамбетов тек ТМД елдерінің кинотуындыларымен ғана шектелмейтінін, шетелден талай туындыларды әкелетінін айтты. 

«Бекмамбетов Синема»  кинокомпаниясы тек кино көрсетіліммен ғана шектелмейді. Кинотеатр шетелдік режиссерлермен, киногерлермен, атақты актерлермен кездесіп, пікір алмасатын ашық алаңға айналмақ. Сонымен қатар, түрлі көрмелер мен видеоконференциялар да өтіп тұратын болады. 

Сонда да Бекмамбетов басты назарды ұлттық туындыларға бөлмек.

Алматылықтар 27 желтоқсан күні қазақстандық көрермендердің алғашқылары болып, осы кинотеатрдан «Джентльмены, удачи!» атты кеңестік киноның ремейкін көре алады.

Болашаққа көп жоспарды қойып отырған Бекмамбетов алдыңғы уақытта электронды билетпен көрермен қабылдамақ ниетте. Киноға келгісі келген адам, билет алуға кезекке тұрмастан, үйінде отырып-ақ билетке тапырыс беріп, орын алып қоя алады. Бұл іс - болашақтың еншісінде. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: 1mag.kz

А. Әбілхан