Алматыда IV BAIQONYR INTERNATIONAL SHORT FILM FESTIVAL басталады

Алматыда IV BAIQONYR INTERNATIONAL SHORT FILM FESTIVAL басталады

Алматыда 4-8 қыркүйек аралығында көрермендер мен қысқаметрлі фильмді жасаушылар үшін дәстүрлі іс-шара IV Baiqonyr International Short Film Festival аталып өтеді.

Үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен өткізіліп отыр. Фестиваль тұрақтылығы мен әлеуметтік маңыздылығын дәлелдеп, сәтті шығармашылық жоба ретінде Қордың грантын қайтадан жеңіп алды.

Биылғы жыл Baiqonyr үшін ерекше, өйткені ол алғаш рет халықаралық деңгейде өтпек. ТМД елдерінен 80-нен астам өтінім келіп түсті, бірақ халықаралық байқауға 11 фильм өтті.

Ұлттық байқауға қазақстандық киногерлер жіберген 170 өтінім арасынан 22 жұмыс байқауға ұсынылды.Іріктеуді кинотанушылар - Ержан Жұмабеков, Бекжан Байгенжеев және режиссер Олжас Исаев жүргізді. 

Бас серіктес - Kinoplexx Theaters. Фестиваль ұйымдастырушысы  - «Бродвей» кинопорталы. 

IV Baiqonyr ISFF қонақтарға маңызды және қызықты байқаудан тыс бағдарлама арқылы еске қалады. Кинофестиваль алаңында «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық – бірлестігінде түсірілген үш қысқаметрлі фильмнің алғашқы көрсетілімі, ХКФ Ushqyn студенттік кинофестивалінің үздік фильмдері көрсетіледі. Көрермендер үшін ерекше сыйлық, көне неміс қысқаметрлі кинофестивалінің фильмдерден құралған – «Оберхаузен» байқаудан тыс бағдарламасы болмақ.

Baiqonyr кинофестивалінің қазылар алқасын ерекше атап өтуге тұрарлық. Халықаралық байқаудың төрағасы Мәскеу халықаралық кинофестивалінің «Алтын Георгий» иегері Фархат Шарипов болады. Сонымен қатар, жеңімпаздарды оператор Азамат Дулатов және продюсер Диана Ашимова  бірге анықтайды.

Қазақстандық фильмдерді халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Халықаралық қазылар алқасының төрағасы, режиссер, Oberhausen International Short Film Festival іріктеушісі- Кристина Бюхнер, «Үміт» ТМД елдер киносының форумы бағдарлама директоры Гульбара Толомушова, Eurasian Creative Guild Film Festival директоры Майра Қарсақбаева, режиссер және продюсер Серік Апрымов, III Baiqonyr SFF жеңімпазы Тимур Сердалин және продюсер Данияр Ибрагимов.

Қонақтар мен қатысушылар үшін көрсетілімнен бөлек оператор Азамат Дулатовпен режиссер Серік Әбішевтың шеберлік сағаттар өтеді (Тұран университеті, Сатпаева 16А)

Фестивальдің жабылу салтанаты және IV Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздарын екі байқау бағдарламасы бойынша 8 қыркүйек күні Kinoplexx SaryArka кинотеатрында өтеді.

Барлық көрсетілімдер Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді. Кіру тегін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл