Венеция кинофестивалінің алғашқы күндерінде көрсетілген картиналар

Венеция кинофестивалінің алғашқы күндерінде көрсетілген картиналар
Фото: vk.com

Венецианский кинофестивалі басталғалы барлық кино өндіріс өкілдері мен кино сүйер қауым назары Италияға ауды.

Режиссер Гаспар Ноэ фестивальге кезінде әлемді шулатқан "Кері қайтарылмас" (2002) картинасының жаңа нұсқасын ала келді. Кино хронологиялық реті бойынша жаңадан монтаждалған. Фильмде басты рөлдерді сомдаған Моника Беллуччи мен Венсан Кассель көптен папарацци көзіне бірге түспесе де, Ноэні қолдау үшін қайта бас қосты.

Ал Хоакин Феникстің "Джокері" көрермен көңілінен шығып, 8 минут бойы қол соққан залдың қошеметіне бөленді. Кино сыншылар бұл экранизацияны DC Comics компаниясының үздік туындысы деп бағалады. Сондай-ақ, алғашқы күндері Кристен Стюарт түскен "Сиберг"фильмі, Роман Поланскидің "Офицер мен тыңшысы" көрсетілді. 

Естеріңізге сала кетейік, фестивальді Хирокадзу Корээданың "Ақиқат" атты картинасы ашты. Фильмде басты рөлдерді француз кинематографының жұлдыздары Катрин Денев пен Жюльетт Бинош сомдаған. Венеция кинофестивалі 7 қыркүйекке дейін жалғасады.

А. Оралқызы