Венеция кинофестивалі қандай картинамен басталды?

Венеция кинофестивалі қандай картинамен басталды?
Фото: vk.com

Күні кеше  Италияның Лидо аралында Венеция кинофестивалі басталған болатын. Бүкіл кино өндіріс мамандарының назарын өзіне аударған шара биыл 76-шы рет өткізіліп отыр. Венеция кинофестивалінің әділқазылар алқасын аргентиналық Лукреция Мартель бастады.

Ашылу салтанатында Хирокадзу Корээданың "Ақиқат" атты картинасы көрсетілді. Фильмде басты рөлдерді француз кинематографының жұлдыздары Катрин Денев пен Жюльетт Бинош сомдаған. Естеріңізде болса, жапониялық режиссердің "Ақиқатқа" дейінгі картинасының премьерасы Канн кинофестивалінде болып, бас жүлде, яғни,  "Алтын пальма бұтағына" лайық деп танылған еді.

Картина сюжеті үлкен әрі кедей отбасының өмірінен сыр шертеді. Отағасы өз шешесінің зейнетақысына күн көре алмаған соң, балаларымен қосылып дүкеннен азық-түлік ұрлап өмір сүріп жатады. Бір күні ол көшеде қараусыз қалған 5 жасар қызды үйіне алып келеді. Бұл өзгеріс отбасы өміріндегі үлкен бұрылыс болады. 

Фестке қайта оралар болсақ, биыл Корээдамен  Роман Полански ("Дрейфус ісі"), Стивен Содерберг ("Кір жуатын орын") , Тодд Филлипс ("Джокер") , Джеймс Греяq ("Жұлдыздарға" ) мен Рой Андерссон ("Шексіздік хақында") таласады.

Т. Раушанұлы