Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Жанға жылу сыйлайтын күзгі фильмдер

Жанға жылу сыйлайтын күзгі фильмдер

Жанға жылу сыйлайтын күзгі фильмдер

Зерттеулер бойынша адамдардың көпшілгі күзді жылдың ең жайлы мерзімі деп санайды екен. Суық күндеріне қарамастан бұл мерзім өзінің жылулығымен және жанға жақындығымен есте қалады. Күздің демалысында жылы көрпеге оранып, ескі романтикалық кинолар қарау жанға жылулық сыйлайды. Ендеше, қыркүйектен қарашаға дейін қарауға болатын күзгі фильмдерді ұсынамыз.

Нью-Йорктегі күз, 2000
Нью-Йоркте мейрамханасы бар жігіт көпшілікке өткінші махаббатымен таныс, бірақ Шарлотта атты жас қыз оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Орталық саябақтың күзгі жапырақтары, нью-йорктік көшелер және жас актриса Вайнона Райдер бұл картинаны күзгі фильмдердің қатарына қосады.

Тәтті қараша, 2001
Фильмде басты кейіпкер қатты ауыратын қызға ғашық болады. Ол қыздың оптимизмі, жақсылыққа сенімі басты кейіпкердің өз өміріне деген қатынасын өзгертуге көмектеседі. Жайлы жемпірдегі Шарлиз Терон мен Орталық саябақ кадрлары өз көрермендерін баяғыда-ақ жаулап алып, күзгі фильдердің классикасына айналды.

Мона Лизаның күлкісі, 2003
Бұл фильм АҚШ-та көрілімі бойынша рейтингті басып озды және Джулия Робертсқа 25 миллион доллар сыйлады. Қоғамды сюжеттің тереңділігімен жаулап алды. Фильмде өз студенттеріне ішкі еркіндігі мен өмірге құштарлығын үйрететін мұғалім жайлы баяндалады.

Дюплекс, 2003
Күзгі Бруклиннің кадрлары бар комедия. Фильмде ғашық жұп жаңа пәтер сатып алады, ал олардың көршісі – мінезі жаман кемпір. Басты рөлдегі кейіпкерлер көршінің кесірінен ыңғайсыз жағдайларға ұшырайды, сондықтан олар бұл проблеманы шешу үшін түрлі тәсілдерге жүгінеді. Фильм күлкіге және нью-йорктік жайлы интерьерге толы.

Көл жағасындағы үй, 2006
Фильмде әртүрлі уақытта, бірақ көл жағалауындағы бір үйде тұратын екі кейіпкердің махаббатын көрсетеді. Олар бір-бірін көрмейді, тек хат арқылы сөйлеседі. Кадрдан жағалаудағы әдемі интерьер, күзгі жайлылық және алғашқы қарды тамашалауға болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: youtube.com
Қосылған күні: 31 тамыз, 15:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.