Голливуд тарихындағы жарық жұлдыз Ингрид Бергман туралы 5 дерек

Голливуд тарихындағы жарық жұлдыз Ингрид Бергман туралы 5 дерек
Фото: vk.com

Ингрид Бергман – "Оскар" және "Дэвид ди Донателло" марапаттарының үш мәрте, төрт рет "Алтын глобустың", екі рет "Эмми" сыйлығының, "Тони" сыйлығының бір мәрте лауреаты (1947). Бүгін – ол жарық дүние есігін ашқан һәм фәниге аттанған күн.

Аты аңызға айналған актрисаның туған күніне орай ол туралы 5 қызықты дерек ұсынамыз.

1. Америкалық кино институтының "100 жылдағы 100 ұлы кино жұлдыз" рейтингінде 4-ші сатыда орналасқан.

2. Әлемді сұлулығымен ғана емес, талантымен де тәнті еткен актриса бір күнде дүниеге келіп, сол күні бұл фәнимен қош айтысқан. Болашақ көгілдір экран жұлдызы 1915 жылы 29 тамызда Стокгольмде жарық дүниеге аяқ басып, 1982 жылы  29 тамызда Лондон қаласында мәңгілік тұрағына аттанды.

3. Прокатқа шыққан сәтінен бастап, осы күнге дейін ең танымал картиналар категориясынан түспей келе жатқан "Касабланка" фильмінде басты рөлді сомдаған. Оның ең жарқын кейіпкері де осы туындыдағы Ильза Ланд болатын. Бірақ, актриса журналистердің "Касабланка" туралы сұрақтарын жек көретін: "Мен қаншама ерекше фильмдерге түстім. Солар жөнінде әңгімелесуге болмай ма? Богарт туралы да сұрамаңдар. Мен онымен экранда сүйіскенім болмаса, адам ретінде танымаймын!"- деп ашуланады екен.

3. Ингрид Бергман  – мэтр, классик, есімі кино тарихында алтын әріптермен жазылған Роберто Росселлинидің махаббаты. Голливудтағы өмірін тастап Еуропаға келген актрисаның өмірінде үлкен қиындықтар басталады. Росселлинидің Ингрид түскен картиналарының бәріне көрермендер де, сыншылар да ұзақ уақыт бойы бойкот жариялаған.

4. Олар Робертино, Изабелла және Изотта есімді 3 бала өсірген. Изабелла кейін атақты акрисаға айналады. Дэвид Линчтің "Көк барқыт" атты картинасында басты рөлді сомдаған осы Изабелла болатын. Ол кейін Мартин Скорсезеге тұрмысқа шыққан.

5. Раушан гүлінің бір түріне Ингрид Бергман есімі берілген.

А. Оралқызы