Шекспир шығармасы бойынша түсірілген жаңа фильм

Шекспир шығармасы бойынша түсірілген жаңа фильм
Фото: vk.com

Netflix стримингтік платформасы  "Патша" аталатын жаңа тарихи драма тизерін ұсынды. Картина режиссері – Дэвид Мишо. Сценарий Шекспирдің  "Генрих IV" мен "Генрих V" пьесалары негізінде жазылған.

Фильмде басты рөлді Тимоти Шаламе сомдайды. Оның кейіпкері Хэл ханзада мұрагерлікпен таққа отырар кезде: "Мен өмірімнің жаңа тарауының босағасында тұрмын. Басыма киген тәждің ауырлығын сеземін", – дейді.

Досы Фальстафты Джоэл Эдгертон ("Қызыл торғай") ойнаса, Лили-Роуз Депп Кэтрин ханшайымды, яғни Хэлдің қалыңдығын сомдайды.

Картина премьерасы осы күзге жоспарланып отыр.

А. Оралқызы