Forbes – 2019: Еңбегі жоғары бағаланатын актрисалар

Forbes – 2019: Еңбегі жоғары бағаланатын актрисалар
Фото: Forbes

Forbes әдеттегідей еңбегі жоғары бағаланатын актрисаларының тізімін ұсынды. Рейтинг жасау барысында 2018 жылдың 1 маусымы мен 2019 жылдың 1 маусымы аралығындағы көрсеткіштер ескерілген.

Бірінші сатыға $56 миллион тапқан Скарлетт Йоханссон жайғасты. Актриса табысының көп бөлігін Marvel киноәлеміндегі рөлі үшін тапты. Нақтырақ айтқанда, ол "Қара жесір" және "Кекшілдер" фильміне түскені $35 миллион қаржы алды. Аталған картина прокатта $ 3 миллиард жинап, рекорд жаңартқан еді.

Екінші орындағы София Вергара биыл $ $44,1 миллион тапқан. Үздік үштікті Риз Уизерспун ($35 млн) түйіндеді. Алғаш рет рейтингке Анджелина Джоли,  Джулия Робертс, Кейт Бланшетт  және Дженнифер Лоуренс кірмей қалды.

Журнал еңбегі жоғары бағаланатын актерлерді Nielsen, ComScore, Box Office Mojo және IMDB компаниялары мен кино өндіріс сарапшылары жасаған зерттеулерге сүйене отырып анықтайды.

Сонымен, актерлер кірісінің нақты саны төменде көрсетілген:

1. Скарлетт Йоханссон — $ 56 миллион
2. София Вергара — $ 44,1 миллион
3. Риз Уизерспун — $ 35 миллион
4. Николь Кидман — $ 34 миллион
5. Дженнифер Энистон — $ 28 миллион
6. Кейли Куоко — $ 25 миллион
7. Элизабет Мосс — $ 24 миллион
8. Марго Робби — $ 23,5 миллион
9. Шарлиз Терон — $ 23 миллион
10. Эллен Помпео — $ 22 миллион

Бұған дейін Forbes ең көп табыс тапқан актерлардың тізімін жариялаған еді. Көшті соңғы бір жыл аралығында "Рэмпейдж", "Аспанмен таласқан ғимарат", "Форсаж: Хоббс мен Шоу" аталатын картиналарға түсіп үлгерген Дуэйн Джонсон бастады. Екінші және үшінші орынға "Кек алушылар: Финал" фильмінің басты актерлары Крис Хемсворт пен Кіші Роберт Дауни жайғасты.

А. Рысдәулет