Стивен Кинг шығармасы желісі бойынша экранизацияланған фильмдер

Стивен Кинг шығармасы желісі бойынша экранизацияланған фильмдер
Фото: focus.ua

Биыл жасы 72-ге келетін атақты жазушы өмірінің 65 жылын шығармашылыққа арнаған. Ол өзінің өмірінде 55 роман мен 200-ден астам әңгіме жазған. Оның басым бөлігі режиссерлерді шабыттандырып, экранизацияланған. "Хоррор патшасы" деп аталатын Стивен Кингтің экранизацияланған ең үздік туындыларын назарларыңызға ұсынамыз. 

"Кэрри" (1976)
Режиссері: Брайан Де Пальма
Картинки по запросу Кэрри 1976

Алғаш рет жеті жасар Стивен Кингке гонорар сыйлаған әңгіме  "Қу Қоян мырза" (Мистер Хитрый Кролик) болатын. Ал, экранға жол тартқан алғашқы әңгімесі "Кэрриді" ол араға жиырма жыл салып жазады.

Оқиғаның басты кейіпкері – қатарластарының мазағына көніп жүрген, жабайы әрі әлсіз жоғары сынып оқушысы. Оның үстіне, оның анасы дінге қатты берілген адам. Бір күні оның өмірі кенеттен өзгереді. Мектептегі ең сымбатты жігіт оны мектеп бітіру кешіне бірге баруға шақырады. Әдемі киінген жоғары сынып оқушысы кештің ханшайымы атанады. Бірақ, бұл сәт көрген түстей ұзаққа созылмайды. Оның "ханшайым" атануы қатарластарының тағы бір әзіліне айналады. Ызаға булыққан Кэрридің тылсым қасиетке ие екенін ешкім білмеген еді. 

Кинонің үш түрлі нұсқасы түсіріледі. Бірақ, солардың ішінде тек 1976 жылы жараққа шыққан фильм "Оскар" жүлдесіне ұсынылады. Жүлдеге ие болмаса да, көрермен жадында 70-жылдардың ең қорқынышты фильмі ретінде есте қалады.

"Сәуле" / "Сияние"(1980)
Режиссері: Стэнли Кубрик
Картинки по запросу Сияние

Киносыншылар фильмді хоррор жанрындағы ең үздік фильм деп атады. Бірақ, көрермендер Кингтің стилінен алшақ деген пікір білдірді. "Сәуле" фильмін Стивен Кингтің шығармасының толықтай экранизациясы деп атау қиын. Өйткені, режиссер автордың атынан емес, өзінің идеясымен байланыстыра отырып туынды жасайды. Фильм бір оқпен екі қоян атып алуға тырысатын жас жазушы жайында. Ол өзінің туындысын жазу үшін қаңырап, бос тұрған "Оверлук" қонақ үйіне келіп, сол жерге бақылаушы ретінде орналасады. Басында бәрі жақсы болғанымен, барлығы қысқа таман басталады. Онсызда есі кіресілі шығасылы жүрген жазушыны жан біткен үй есінен адастыра бастайды. 
Бір қызығы Кингтің өзіне картина мүлде ұнамаған. Ол фильмдің өзінің романына жасалған ең нашар киноадаптация деп бағалады. Соған қарамастан, фильм көрермен арасында танымалдылыққа ие болды.  

"Өлі аймақ" / "Мертвая зона" (1983)
Режиссері: Дэвид КроненбергКартинки по запросу мертвая зона фильм

103 минутты триллердің аяғы кітаптан басқаша болса да, Кинге ұнады. Оқиға апаттан зардап шеккен Джон Смит жайлы. Ол бес жыл ес-түссіз ауруханада жатады. Есін жиған кезде тылсым қабілетке ие екенін ұғады. Фильм халықаралық кино фестивальдарда бірнеше рет жүлде иемденді.  

"Жүгірген адам"/ "Бегущий человек"(1987)
Режиссері: Пол Майкл ГлейзерКартинки по запросу бегущий человек фильм

Фильм жұлдызы Арнольд Шварценеггер  полицей рөлін сомдайды. Ол болашақ телебағдарламасы "Жүгірген адамға" қатысып, шынайы ойыннан аман шығу үшін күреседі. Арни құбыжықтармен күреседі, сұлуларды құтарады, өзінің төл тіркесін "I’ll be back! "ұмытпайды. Фильм әдеттегі голливудтық экшн фильмге айналады, ал Кинг болашақ онжылдықтың сценарийін өзі білмей жазып береді. 

"Үй жануарларының қабірі"/ "Кладбище домашних животных" (1989)
Режиссері:  Мэри ЛамбертКартинки по запросу кладбище домашних животных 1989

Режиссер Мэри Ламберт Кроненбергтен үлгі алып, оқиғаның аяғына сәл өзгеріс еңгізіп, үлкен экранға шығарады. Картина толықтай Стивен Кингтің романы желісі бойынша түсіріледі.

Т. Есқали