Тамыз айында шығатын әйелдер жайлы 3 сериал

Тамыз айында шығатын әйелдер жайлы 3 сериал

Көп сериялы оқиғаларды жақсы көретіндерге тамыз айында шығатын әйелдер жайлы сериалдарды ұсынамыз.

1. «Ана жолы»

Netflix  басты рөлді Фелисити Хаффман ойнайтын жаңа жоба ұсынды. Сериал сюжеті бойынша үш құрбы ер жеткен балаларымен кездесу үшін Нью-Йоркке келеді. Ол жақта олар өздерінің жастық шақтарын еске алады.

2. «Пирсон»

Жаңа сериалда «Форс-мажордың» басты кейіпкерінің бірі, дарынды адвокат Джессика Пирсонның кәсіби және жеке өмірі көрсетіледі. Бұл сериалда Пирсон адвокаттық лицензиясын жоғалтып, Нью-Йорктегі жұмысынан айырылғаннан кейін Чикагоға келген кезі орын алады.

3. «Телефонист әйелдер»

Сериалдағы жағдайлар 1920-жылдардағы Мадридте өтеді. Басты рөлдерде – ұлттық телекоммуникациялық компанияда жұмыс істейтін қыздар. Олар осы жұмыс үшін Мадридке көшіп келіп, енді өздерінің жеке өмірлерін құруға тырысады.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді