Фэнтези жанрындағы үздік анимелер

Фэнтези жанрындағы үздік анимелер
Фото: beon.ru

Сайтымыз жиі ұсынатын Хаяо Миядзаки, Синкай Макотоның анимелерін көруден шаршап, жаңа сюжет, жаңа кейіпкер іздесеңіз, сіз дөп түстіңіз. Біз бүгін фэнтези жанрындағы ең танымал анимелердің топтамасын ұсынамыз.

"Ойын болмаса өмір жоқ" / "Нет игры— Нет жизни" / "No game no life"

Картинки по запросу No game no life gif

Сора мен Широ атты ағалы-қарындас жастары кішкентай болғанына қарамастан, ойын әлемінде талай жетістікті бағыдырған. Бір күні оларға белгісіз біреу хабарлама жазады. Ол өзін атақты ойыншы ретінде таныстырып, оларды өзімен шайқасқа шақырады. Жеңіліс тапқан белгісіз ойыншы оларды қулықпен ойын әлеміне алып кетеді. Енді өмір сүру үшін ойнау керек. 

"Өзге кеңістіктегі жаңа өмір" / "Жизнь в альтернативном мире с нуля" / "Re: Zero"

Картинки по запросу Re: Zero gif

Нацуки Субару бір күні дүкеннен азық-түлік алып шығып, өзінің өз қаласы емес, өзге әлемге түскенін түсінеді. Жаңа әлемде ол сиқыршы Эмилия есімді қызбен танысып, оған ессіз ғашық болады. Бірнеше уақыт өткен соң, ол өмір сүру үшін шайқаса білу керектігін ұғады. Вольгарм атты жындармен шайқасып, өзге әлемнің тұрғындарынан төнген қауіптен аман алып қалу міндеті оған жүктеледі. Ал басты кейіпкеріміз қиындықтан шығарды жолды қалай табады екен?! 

"Муси шебері"/ "Мастер Муси" / "Mushishi" 

Картинки по запросу Mushishi gif

Муси – ойдан шығарылған аңыз кейіпкері іспеттес. Олар кез келген жерде өмір сүреді: жерде, ауада, заттарда. Олардың не мақсаты жоқ, не зұлым да емес, не мейірімділіктің жаршысы да емес. Бірақ, оларды басқара алатын адам болады. Өмірін мусиді зерттеуге арнаған Гинкоға сондай мүмкіндік бұйырды… 

 "Сиқырлар лабиринті"/ "Маги: Лабиринт магии"/ "Magi"

Картинки по запросу Magi gif

Ежелгі қиял-ғажайып әлем түрлі таңғажайыпқа толы: жын, мыстан, періште. Бұл әлемде өзіне тән әртүрлі мемлекет бар: Синдрия, Рем, Партевия, Магноштад, Бальбад. Басты кейіпкер елін аман алып қалу үшін қазынаны табуы керек. Ал оған жолда Али-Баба, Алладин көмек қолын созады. 

"Үлкен кесек" /  "Большой куш" / "One piece"

Похожее изображение

Қарақшылардың (Пират) басшысы қаза таппас бұрын, үлкен қазынаны жасырғанын және оның тапқан адам ендігі иесі болатындығын айтады. Қаншама адам іздегенмен, оны ешкім таба алмайды. Манки Д. Луффи 17 жасқан толғаннан кейін өзін қарақшымын деп, қайыққа мініп, қазына іздеуге аттанады. Бірақ, қалай топсыз басшы болмақ?! Жолында әртүрлі адамдарды кездестіре отырып, өзінің жанына ең сенімді серіктерін жинайды. Достық пен бір-біріне деген адалдығы оларды талай рет аман алып қалады. Әрине, бір күні олар жасырулы қазынаны табады. Бірақ, бәрінен бұрын олар бір-бірін тапты. Енді кейіпкерлерді шытырман оқиғалар күтеді...

Т. Есқали