Алдағы 2 жылда MARVEL киностудиясынан не күтеміз?

Алдағы 2 жылда MARVEL киностудиясынан не күтеміз?
Фото: itsotnya.xyz

Marvel киностудиясы кино кеңістіктің жаңа кезеңіне өткендігін хабарлады. Бізді алдағы екі жылды бес жаңа фильм мен сериал күтіп тұр. Сериалдар ендігі уақытта Disney+ стрим жүйесінде көрсетілетін болады.

Скарлетт Йоханссон басты рөлдердің бірін сомдайтын "Қара жесір" (Черная вдова) атты төртінші кезеңнің алғашқы фильмі 2020 жылдың мамыр айында шығады.  

Картинки по запросу черная вдова

Сол жылы қарашада Анджелина Джоли, Сальма Хайек пен Ричард Мэдденді біріктірген "Мәңгілік" (Вечные) картинасы жарыққа шығады.

Ал, Суми Лю актер түскен "Шан-Чи және он сақина аңызы" (Шан-Чи и легенда десяти колец) фильм 2021 жылдың ақпан айына жоспарланған.

Кейін көктемде "Стрендж дәрігер" сиквелі "Ессіздің мультикеңістігінде" (В мультивселенной безумия) деген атпен шығады. Басты рөлді бұрынғыша Бенедикт Камбербэтч ойнайды. Режиссер Скотт Дерриксонның айтуынша, бұл картина Marvel кинокеңістігіндегі алғашқы қорқынышты фильм болмақ.

Картинки по запросу доктор стрэндж

2021 жылдың соңғы фильмі 5 қарашаға жоспарланған. Тор жайында фильмнің атауы "Махаббат пен найзағай"(Любовь и гром) деп аталады. Фильмге Крис Хемсворт, Тесса Томпсон мен Натали Портман түскен. 

Marvel "Блэйд" фильмін қайта шығару туралы айтқанымен, ол туралы нақты ақпарат әлі беріле қоймады.

Т. Есқали