"Тақтар ойыны" сериалы "Эмми" сыйлығының рекордын жаңартты

16 шілдеде 71-ші "Эмми" сыйлығының номинанттары жарияланды. Америкалық HBO кабельді телеарнасының "Тақтар ойыны" сериалы сыйлықтың 32 номинациясына іліккен, бұл "Эмми" тарихындағы жаңа рекорд. Алдыңғы рекорд 27 номинация бойынша бағаланған "Нью-Йорк полицейлері" сериалына тиесілі.

8 маусымнан тұратын сериал "Үздік драмалық сериал", "Үздік режиссура", үздік әйел және ер рөлдері, екінші пландағы үздік актер мен актриса, "Үздік шақырылған актриса" сынды номинацияларға ұсынылған. Ең негізгі "Үздік драмалық сериал" номинациясында "Тақтар ойыны" "Одан да Солға хабарласыңыз", "Оққағар", "Еваны өлтіру", "Озарк", "Қалып", "Мұрагерлер" және "Бұл біз" сериалдарымен сынға түседі.

Жеңімпаздар 22 қыркүйекте Лос-Анджелестегі Microsoft Theater ғимаратында анықталады.