Сау болыңыз, Бин Мырза!

Сау болыңыз, Бин Мырза!

Танымал ағылшын қылжақбасы Бин Мырзаның рөлін сомдаған актер Роуэн Аткинсон бұл образды тастайтынын, енді тек драмалық кейіпкерлерді сомдайтынын мәлім етті. Бұл хабарды The Daily Telegraph газетіне берген сұхбаты арқылы айғақтай аламыз.

Белгілі қылжақбастың рөлі - баритандық атақты образ. Бұл танымал образ көгілдір экранға 1990 жылдан бастап жол тартты. Комедиялық сериал бес жылдан соң аяқталса да, мұнан кейінгі жылдарда Аткинсонның атағы аспандай берді. Осы образ үшін оны әлем мойындап, осы образ арқылы ел жадында қалып үлгерді. Соңғы рет ол осы кейіпте Лондон олимпиадасының ашылу салтанатында бой көрсетті.

Осы басылымға берген сұхбатында ол Мистер Бин рөлін "құлдық" рөл деп атады. Ендігі жерде осындай "құлдық" образды жалғастыра беруді тіпті дұрыс көрмейді.

"Әрине бұл образ менің қалтамды қалыңдатты. Әйткенмен бұл құлдық образ актерден өте көп дейгейде физикалық белсенділікті қажет етеді. Мен бұл ораздан мүлде бас тартып жатқан жоқпын. Мені кейде осы образдан көре аласыздар. Тек кейде..." - дейді актер.

Аткинсон көрермен бұл образды бір адам ғана ойнап келе жатқандығынан жалықты деп ойлайды.

Ол бүгінгі таңда лондондық Вест-энд ауданындағы музыкалық және драмалық театрда драмалық рөл ойнауға бел шешіп, білек сыбана кірісіп отыр.

Жақын күндері ол атақты ағылшын драматургі Саймон Грэйдің "Куортермейннің шарты" атты спектаклінде өнер көрсетпек.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: news.404.ru

А. Әбілхан