Бэтменді сомдаған актерлер

Бэтменді сомдаған актерлер
Фото: youtube.com

Супер қаһармандар жайлы фильмдер ешқашан көрермендерін жоғалтып көрген емес. Бірі Өрмекші адамды жақсы көрсе, енді бірі Бэтменді (Жарғанат адам) жанына жақын тартып, ол туралы фильмдерді іздеп жүріп көреді. Бүгін біз "адамзатты қатерден аман алып қалған" Бэтмен рөлін сомдаған актерлерді көрсетеміз:

Адам Уэст

Адам Уэст — Бэтменді сомдаған алғашқы актерлердің бірі. Бэтмен сериалына Уэст Nesquik өнімінің жарнамасына түсу арқылы тап болған. Жарналамалық роликте ол тыңшы рөлін сомдаған. Оны байқаған продюсер Уильям Дозьер қылмыспен күресетін Бэтменді сомдауды ұсынған. 1966 жылы экранға шыққан сериал балалар мен ересектер арасында кеңінен танымал болып, американың 60–жылдардағы поп мәдениетінің негізіне айналады.

Майкл Китон

Майкл Китонның сомдауындағы Бэтмен – қатыгез әрі салқынқанды кек алушы. Ол өзінің өмірін бағалағаннан гөрі, қылмыскерлерлерді жазалағанды дұрыс көреді.  

Вэл Килмер 

Бэтменнің Вэл Килмердің сомдауы арқылы пайда болған образы әдеттегі қаһармандарға ұқсамайды. Ол өзін өте жақсы көреді, тым ұзын әрі өзін көрсету үшін жұмыс жасайды. Осы уақытқа дейін Бэтмендер өз образдарына сәл жетпесе, бұл образ шектен шығады.

Джордж Клуни 

Джордж Клуни – Бэтмен. Оның басты жауы – Арнольд Шварценеггер.  1997 жылы жарыққа шыққан «Бэтмен және Робин» қаһармандар мен зұлымдар арасындығы шайқастан гөрі, комедия немесе пародияны еске салады.  

Кристиан Бейл 

Кристиан Бейл – Бэтменге тартымдылық сыйлаған алғашқы адам. Әзірге. Әрине, бұл образды жасауда режиссер Кристофер Ноланның еңбегі зор.

Бен Аффлек

Қараңғыда өмір сүріп, "қансорғыштармен" қатар бейнелетін жарқанаттың өмірі бұл фильмде тым мұңға толы. Қанатты құстың батылдығын сезінгеннен гөрі, мазасыздық пен күйзеліске түскен "мысықты" көргендей боласың. Бен Аффлек образы Адам Уэсттен де нашар, өйткені, 1960 жылдары фильмде ең аз дегенде күлкілі тұстар болатын.

Роберт Паттинсон

Паттинсонге бұл рөл арқылы үлкен міндет жүктелді. Өйткені, Бэтмен фанаттары оның бұл рөлге тағайындалған естіп, аса қуана қоймады. Одан бөлек, оған әлі де шыңдалу керек. Үшіншінден, әріптесі Аффлек қалдырған "жараны" жазу қиын. Одан бөлек, Бейлден асып түсуі тиіс. Оның орындауындағы Бэтменді біз 2021 жылы көреміз. 

Т. Есқали