"Тақтар ойыны" сериалынан қай актер көп табыс тапты?

"Тақтар ойыны" сериалынан қай актер көп табыс тапты?
Фото: Talks.su

8 жыл бойы көрермендердің сүйікті сериалына айналған, талай киноманның жүрегін жаулаған "Тақтар ойыны"  аяқталды. Сериалдың соңғы бөлімі көпшілік күткендей болып шықпаған соң, әлеуметтік желіде оған наразылардың қарасы көбейген. Ал осы кітаптың авторы Джордж Мартин соңғы бөлім өз кітабында сериалдан мүлде бөлек оқиғалармен жазылатынына уәде берді. 

Назарларыңызға сериалда ойнаған актерлердің 8 жыл ішінде қанша табыс тапқанын ұсынамыз.  Сіз де сүйікті сериалыңыздың қаһармандары өмірде қандай адам екенін біле жүріңіз. 

©Wiese/face to face / FaceToFace / REPORTER   © Game of Thrones / HBO  

15. Натали Эммануэль (Миссандея) – $ 1 миллион 
Натали Эммануэль, Миссандея "Тақтар ойынының" үшінші бөлімінде пайда болды. 5 бөлім ішінде ол құлдан Дейенеристің оң қолына дейін көтерілді. Көрерменнің сүйікті қаһарманына айналған Натали осы 5 бөлімде ойнаған қаһарманы үшін $ 1 миллион доллар табыс тапқан. Бұл сумма екінші пландағы кейіпкерді сомдаған актер үшін өте жақсы.

©AXELLE/BAUER-GRIFFIN / East News  ©Game of Thrones / HBO  

14. Альфи Аллен (Теон Грейджой) – $ 2 миллион
Теон Грейджой сериалдың бірінші маусымынан соңғы, сегізінші маусымына дейін болған кейіпкер. Ол С категориясынан сериал финалында В категориясына  көтерілді. Соңғы маусымда Аллен шамамен 100 мың доллардан ақы алған. Ал, жалпы сегіз маусым ішінде ол 2 миллион доллар табыс тапқан. 

©Invision/Invision / East News   ©Game of Thrones / HBO  

13. Конлет Хилл (Варис)  – $ 2 миллион 
Варис – "Тақтар ойынындағы" негізгі кейіпкерлердің бірі. Конлет Хилл кейіпкері үшін әр маусымдағы бөліміне 100 мың доллардан ақы алып отырған. Жалпы, 8 жылда 2 миллион долларға қалтасын қалыңдатқан.

©ANGELA WEISS/AFP / East News   ©Game of Thrones / HBO   

12. Гвендолин Кристи (Бриенна Тарт) – $ 3 миллион

Бриенна Тарт – Корольдік гвардияның алғашқы әйел-рыцары, лорд-қолбасшысы. Екінші маусымнан бастап пайда болған Бриенна Тарт сериал соңында тірі қалған санаулы кейіпкердің бірі. Қылыш өнерінің шебері, қайсар қызды сомдаған Гвендолин Кристи осы сериалдан 3 миллион доллар табыс тапқан. Бұл сумма "Тақтар ойынына" дейін танымал болмаған актриса үшін жоғары табыс.

©ANGELA WEISS / AFP/East News   ©Game of Thrones / HBO  

11. Иэн Глен (Джорах Мормонт) – $ 3 миллион
Вестеростан қуылған рыцар Джорах Мормонт бірінші маусымнан соңына дейін екінші пландағы кейіпкер болды. Кхалисиге ғашық рыцарды сомдаған актер Иэн Глен шамамен 3 миллион доллар табыс тапқан. 

©ANGELA WEISS/AFP/East News   ©Game of Thrones / HBO  

10. Айзек Хемпстед-Райт (Бран Старк) – $ 4 миллион
Айзек "Тақтар ойынындағы" Бран Старкты сомдауға келгенде 9 жастағы бала болған екен. Ал қазір жасы 19-да. Аталған сериал оған 9 жыл ішінде 4 миллион доллар пайда әкелген. Ол соңғы VII-VIII маусымдарындағы әр бөлімі үшін 175 мың доллардан ақы алып отырған. 

©ANGELA WEISS/AFP / East News   ©Game of Thrones / HBO  

9. Софи Тернер (Санса Старк) – $ 6 миллион
Санса Старк – сериалдағы ең басты һәм көрермендердің сүйікті кейіпкерлерінің бірі. Сансаны сомдаған Софи Тернер әр бөлім үшін 175 мың доллар алған. Сериал соңында оның сыйақысы өсіп 210 мың долларға жеткен. Тернер Harper’s Bazaar басылымына берген сұқбатында әріптесі Кит Харрингтон одан көбірек табыс тапқанын, бірақ Харрингтоннан да көп эпизодта ойнаса да оған ренжімегенін айтқан.

©Wiese / face to face / FaceToFace / REPORTER   ©Game of Thrones / HBO

8. Мэйси Уильямс (Арья Старк) – $ 6 миллион
Мэйси Уильямс те "Тақтар ойынындағы" кейіпкерін сомдау үшін келгенде әлі бала болған. 8 маусым бойы оның сыйақысы 150 мың доллардан 210 мыңға дейін өскен. Мэйси осы ролге алғашында ноутбук сатып алу үшін келгенін айтқан. Қазір ол кез келген ноутбукты сатып ала алады. Себебі сериалдағы сомдаған кейіпкері оған 6 млн доллар пайда әкелген. 

©TOLGA AKMEN / AFP / East News   ©Game of Thrones / HBO 

7. Натали Дормер (Маргери Тирелл) – $ 6 миллион 
Маргери Тирелл екінші пландағы кейіпкер болды. Бірақ оны сомдаған Натали Дормерге 7 маусым бойы 6 миллион доллар табыс табуға кедергі келтірген жоқ.

©Invision / Invision / East News   ©Game of Thrones / HBO  

6. Рори Макканн (Сандор Клиган) – $ 6 миллион
Сандор Клиган көрермендерге сериалдың бірінші маусымында "Ит" лақап атымен танылған кейіпкер. Арья Старк екеуі біраз шытырман оқиғаны өткізген Сандор өзінің қатыгездігімен есте қалған еді. Бірақ сериалдың финалында ол жақсы кейіпкерге айналды. Тіпті көрермендерге ең жақсы кейіпкер ретінде көрінген бірден-бір Сандор болды. Оны сомдаған Рори Макканн 6 миллион доллар табыс тапты.

©Invision / Invision / East News  ©Game of Thrones / HBO 

5. Лина Хиди (Серсея Ланнистер) – $ 9 миллион 
Лена Хиди – "Тақтар ойынындағы" 5 жұлдыздың бірі және А тобындағы актриса. Ол көпшіліктің есінде зұлымдығымен қалды. 5 жыл бұрын актриса әр бөлімге 150 мың доллардан алған, одан кейінгі табыысы 300 мың долларға өскен. Ал соңғы бөлімде оның табысы 1,2 миллион долларға өскен.

©Invision / Invision / East News  ©Game of Thrones / HBO 

4. Кит Харингтон (Джон Сноу) – $ 12 миллион 
Джон Сноу – миллиондаған көрерменнің жүрегінен орын алған басты кейіпкерлердің бірі. Бірақ алғашқы маусымдарда емес. Алғашқы маусымдарда ол тіпті екінші пландағы кейіпкерлер еді. 2014 жылдан бастап аталған кейіпкердің салмағы сериалда арта бастады. Ал оны сомдаған актер Кит Харингтон әр бөлім үшін 300 мың доллардан алды. Сериал финалында оның табысы 1,2 млн долларға өсті.

©RCF / MEGA / Mega Agency / East News   ©Game of Thrones / HBO  

3. Эмилия Кларк (Дейенерис Таргариен) – $ 13 миллион
Дейенерис Таргариен – Кхалиси, айдаһарлардың анасы ретінде сериалдың өне бойына әр берген ең негізгі кейіпкер. Оны сомдаған актриса Эмилия Кларктың кинодағы даңғыл жолы дәл осы "Тақтар ойынынан" басталды десек қателеспейміз. Ол әр бөлім үшін 500 мың доллар алған. Ал сериал финалында табысы 1 миллион долларға өскен.

©ANGELA WEISS / AFP / East News  ©Game of Thrones / HBO  

2. Питер Динклэйдж (Тирион Ланнистер) – $ 15 миллион
Ақылды, айлакер Тирион Ланнистерді сомдаған Питер Динклэйдж "Тақтар ойынына" дейін де танымал актер еді. Соған қарамай ол әр бөлім үшін басында 150 мың доллар, кейін 300 мың, сериал финалында 1,2 миллион доллар табыс тапқан.

©ANGELA WEISS / AFP / East News  ©Game of Thrones / HBO 

1. Николай Костер-Вальдау (Джейме Ланнистер) – $ 16 миллион
Джейме Ланнистер – сериалдағы басты кейіпкерлердің бірі. Оны сомдаған дат актері Николай Костер-Вальдау басқалар сияқты басында аз ақы алып, финал соңында оның да табысы 1,2 миллион долларға өскен. Бүгінде Николай Костер-Вальдау "Тақтар ойынындағы" ең бай актерлердің бірі. 

© ANGELA WEISS / AFP / East News  ©Game of Thrones / HBO 

Бонус 
Сериалдағы Неда Старкты сомдаған Шон Бин жалпы ролі үшін 20 миллион алған деген сыбыс бар. Себебі Шон оған дейін "Сақиналар әміршісі" фильмі арқылы аса танымал болған актер еді. 

Айта кетейік, "Тақтар ойыны" сериалы НВО телеарнасы тарапынан жазушы Джордж Мартиннің романы бойынша 2011 жылдан бері түсіріліп келеді. Жоба 38 мәрте "Эмми" жүлдесін алған. Ал НВО каналы осы жобасының арқасында 8 миллиард доллар табыс тапқан. Кітаптың авторы 65 миллион доллар сыйақы алған. Сериалдың көп бөлігі түсірілген Солтүстік Ирландияға жоба авторлары 300 млн доллар инвестиция кіріткен. 

Т. Раушанұлы