Рамазан Қадыровтың ұлы "Ертұғрыл" сериалына түсті

Рамазан Қадыровтың ұлы "Ертұғрыл" сериалына түсті

Шешенстан басшысы Рамазан Қадыровтың үшінші ұлы, 11 жастағы Адам "Ертұғрыл" сериалына түсті. Рамазанның ұлы түскен сериал үзіндісін оның Нағашысы, Шешенстан аудандары бірінің әкімі Турпал-Али Ибрагимов өзінің Instagram әлеуметтік желісіне жариялады.

"Адам жан-жақты даму үстінде. Мектепте үздік оқиды, спортпен айналысып түрлі жүлделердің иегері де атанған. Фильмге түсу барысында ол өзін жақсы жағынан көрсете білді. Ол Қадыровтар әулетінің лайықты мұрагері", – деп жазған Ибрагимов жиеніне сәттілік тіледі.

Осыдан бұрын Рамазан Қадыров отбасысымен бірге аталған сериалды көретінін айтқан. Шешенстан басшысы Түркия сапары кезінде сериалдың түсіру алаңына барып, сериалдың басты қаһармандары Дженгиз Жошкун мен Нуреттин Сунмезді және режиссер Мехмет Буздағты Грозныйға қонақ етіп шақырған. Фильм суреткерлері шақыруды қабыл алып, Шешенстанға келген.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді