Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Кек алушылар. Финал" фильмі жылдың басты рекордын жаңартуға жақын

"Кек алушылар. Финал" фильмі жылдың басты рекордын жаңартуға жақын

Жақында ғана көрерменге жол тартқан "Кек алушылар. Финал" фильмі әлем бойынша жинаған қаржысы $2,7 миллиардтан асып жығылды.

3 аптаның ішінде Marvel киностудиясының туындысы ең көп қаржы жинаған фильмдердің тізімінде "Титаникті" ысырып, екінші орынға жайғасқан болатын. Ал көш басында тұрған "Аватардан" $82 миллионға аз жинаған. 

Marvel киностудиясы "Кек алушылар. Финал" фильмін түсіру үшін $356 миллионға шығындалған. Бес аптаның ішінде бұдан 7 есе көп қаржы тапты.

Әлемде ең көп қаржы жинаған фильмдердің бестігі:

1. "Аватар" (2009) - $2 782 275 172

2. "Кек алушылар: Финал" (2019) - $2 700 000 000

3. "Титаник" (1997) - $2 185 372 302

4. "Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы" (2015) - $2 068 223 624

5. "Кек алушылар: Шексіздік соғысы" (2018) - $2 048 359 754

"Кек алушылар. Финал" бұған дейін де рекорд жаңартып үлгерген еді. Осы күнге дейін ешбір фильм жарық көрген алғашқы бір аптада $1 миллиардтан астам қаржы жинап көрмеген.

Аталмыш фильм Қазақстанда да біраз рекордты жаңартты. Елімізде "Кек алушылар. Финал" туындысы алғашқы күні 196 256 976 тг, ал бастапқы үш күнде 527 265 991 теңге қаржы жинаған. Бұған дейін рекорд алғашқы бір аптада 274,5 миллион теңге жинаған "Кек алушылар. Шексіздік соғысы" туындысына тиесілі еді. Қазіргі таңда "Кек алушылар. Финал" фильмінің Қазақстандағы жинаған қаржысы 1 255 854 734 теңгені құрады.

Айта кетейік, 11 жылға созылған Marvel киноәлемінің биыл тағы бір фильмі жарық көреді. Киноәлемнің үшінші кезеңін қорытындылайтын "Өрмекші адам: Үйден жырақта" фильмі шілде айында көрерменге жол тартады. Ал төртінші кезең келесі жылдың мамыр айында басталады деп жоспарланып отыр. Әзірге нақты қай фильмдердің түсірілетіні белгісіз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Lowyat
Қосылған күні: 31 мамыр, 14:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.