Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Анаға апарар жол" фильмі АҚШ көрермендеріне жол тартты

"Анаға апарар жол" фильмі АҚШ көрермендеріне жол тартты

2016 жылы жарық көрген "Анаға апарар жол" фильмі 24-ші мамырдан бастап АҚШ-та көрермендерге жол тартады. 

"Анаға апарар жол" фильмі Лос-Анджелес (Калифорния штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты), Хьюстон (Техас штаты) және Нэшвилл (Теннесси штаты) қалаларындағы кинотеатрларда көрсетіледі. Одан бөлек, кинотеатрларда көрсетіліп болғаннан соң бұл фильмді Netflix компаниясының стриминг-платформасы  және VOD сандық таралымы арқылы тамашалауға болады.

"Анаға апарар жол" фильмінің АҚШ-тағы дистрибьюциясын америкалық World Wide Motion Pictures Corporation компаниясы қолға алған. 1977 жылы негізі қаланған бұл компания көркем, деректі, қысқаметражды фильмдерді және телевизиялық жобаларды қаржыландырып қана қоймай, оларды өндіріске жіберіп, тіпті көрерменге жол тартуға көмектеседі. Компанияның әр жылдардағы топ-менеджерлері көптеген кино және телевизиялық жобаларға, "Оскар" және "Эмми" жүлделерін жеңіп алған жобаларға кеңес беріп, оларға продюсерлік қызмет көрсеткен.

Тарихи кинотуындының бас продюсері Әлия Назарбаева, ал режиссері Ақан Сатаев. "Анаға апарар жол" фильмінде еліміздің танымал актерлері  ̶  Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Болат Әбділманов түскен. Бұл эпикалық фильмнен көрермен қазақ отбасының 1930 жылдардан бастап, күні бүгінге дейінгі бастан кешке өмірбаянын көре алады.

"Продюсерлерімізге, түсірілім тобымызға және маған да біздің фильмімізді АҚШ кинотеатрларында көрсететіні үлкен абырой. "World Wide Motion Pictures Corporation" компаниясы фильмімізден шынайылықты көріп, ондағы оқиға желісі әлемнің барлық аудиториясына ұғынықты болатынына сенім білдіргеніне қуанып отырмын", ̵ деді бұл турасында режиссер Ақан Сатаев.

"Біздің компания бірнеше ұрпақтың тарихын баяндайтын, оның үстіне "Оскар" премиясына ілгеріде ұсынылған терең драманы прокаттауды мақтан санаймыз", ̵ деген "World Wide Motion Pictures Corporation" компаниясының бас директоры Пол Д. Хэнкок сөзін былай деп жалғастырды: "Америкалық отбасылар, әсіресе аналар қауымы жанға жылу сыйлайтын фильмді қуана көреді".

Айта кетелік, "Анаға апарар жол" фильмінің тұсаукесері 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде өтіп, сыншылардың оң бағасын алған. Сонымен қатар, фильм түрлі кинофестивальдерден жүлде алып, халықаралық көрсетілімдері өткен. Сондай-ақ Қазақстан атынан "Оскар" және "Алтын глобусқа" "Үздік шетел фильмі" аталымында ұсынылған болатын.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 21 мамыр, 13:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.