Marvel киноәлемінің төртінші кезеңі қашан басталады?

Marvel киноәлемінің төртінші кезеңі қашан басталады?
Фото: suffolkvoice.net

Disney компаниясы алдағы сегіз жылда көрерменге жол тартатын басты киноларының уақытын жариялады.

Көптен күткен тізімде "Жұлдызды соғыстардың" жаңа бөлімдері, Marvel-дің кезекті туындылары және "Аватардың" кейінге шегерілген төрт бірдей фильмі енді.

"Аватар"

Джеймс Кэмеронның фильмдерінің уақыты бір жылға шегерілген. Сәтті шыққан "Аватардың" екінші бөлімі 2021 жылы жарық көреді. Ал араға екі жыл салып келесі үш бөлімі шығады деп жоспарлануда.

"Аватар 2" — 17 желтоқсан 2021;
"Аватар 3" — 22 желтоқсан 2023;
"Аватар 4" — 19 желтоқсан 2025;
"Аватар 5" — 17 желтоқсан 2027.

"Жұлдызды соғыстар"

Көрермендер "Жұлдызды соғыстар" да жақын арада көре қоймайды. Disney компаниясы франшизаның 9-шы бөлімінен кейін сәл демалыс алатындарын мәлімдеген болатын. Жаңа "Жұлдызды соғыстар2022 жылдың 16 желтоқсанына жоспарланған.

16 желтоқсан 2022;
20 желтоқсан 2024;
18 желтоқсан 2026.

Marvel киноәлемі

11 жылға созылған Marvel киноәлемінің 2019 жылы бір фильмі ғана жарық көреді. Киноәлемнің үшінші кезеңін қорытындылайтын "Өрмекші адам: Үйден жырақта" фильмі шілде айында көрерменге жол тартады. Ал төртінші кезең келесі жылдың мамыр айында басталады деп жоспарланып отыр. Әзірге нақты қай фильмдердің түсірілетіні белгісіз.

1 мамыр 2020;
6 қараша 2020;
12 ақпан 2021;
7 мамыр 2021;
5 қараша 2021;
18 ақпан 2022;
6 мамыр 2022;
29 шілде 2022.

Marvel 2022 жылға дейін киноәлемнің төртінші кезеңін аяқтайды. Бұған дейін белгілі болғандай бұл кезеңге "Мәңгілік" ("Вечные"), "Шанг-Чи", "Доктор Стрэндж 2", "Қара қабылан 2" ("Чёрная пантера 2") және "Галактика қорғаушылары. 3 бөлім" ("Стражи Галактики. Часть 3") енеді.

А. Рысдәулет