Кино кейіпкерлеріне тұрғызылған ескерткіштер

Кино кейіпкерлеріне тұрғызылған ескерткіштер

Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, ерен еңбегі мен өнегелі өмірімен көпшіліктің көзайымына айналған жандар жетерлік. Олардың құрметіне ескерткіш орнатылып, есімдерімен көше-даңғылдар аталуда.

Кинематограф саласы дамыған сәттен бастап, дүниежүзі бойынша танымал театр және кино кейіпкерлерінің құрметіне ескерткіш тастар бой көтерді.

Тараз қаласы, Қазақстан

Бұл ескерткіш 1971 жылы жарыққа шыққан режиссер Александр Серыйдың «Джентельмены Удачи» киносының бас кейіпкерлері Доцент, Косой және Василий Алибабаевичтың құрметіне орнатылған.

Пермь қаласы, Ресей


Атақты үштік Трус (Вицин), Балбес (Никулин), Бывалый (Моргунов) бір емес, бірнеше киноның қайталанбас кейіпкерлері болды. Пермь қаласында орналасқан бұл ескерткіш атақты үштіктің «Кавказ пленница или Новые приключения Шурика» (режиссер Леонид Гайдай) киносындағы образын көрсетеді.

Лондон, Ұлыбритания


Дыбыссыз киноның кейіпкері Чарли Чаплин ескерткіші Лондондағы атақты Одеон кинотеатрына қарама-қарсы жерде орналасқан.

Тбилиси, Грузия


Режиссер Георгий Данелияның «Мимино» киносының басты кейіпкерлері Мизандари, Рубик Хачик және Иван Волоховтың құрметіне қойылған ескерткіш  2011 жылдың 14 қазанында ашылды. Ескерткіш Тбилиси қаласындағы Авлабари ауданында орналасқан.  

Новороссийск, Ресей


Бұл ескерткіш «Бриллиантовая рука» фильмінің басты кейіпкерлерінің бірі Геша (Геннадий) Козодоев құрметіне орнатылған.

Сочи, Ресей


Аталған кинокомедияның басты кейіпкері Семен Семенович пен оның жанұясының құрметіне Сочи қаласында отбасылық ескерткіш қойылды. «Бриллиантовая рука» кейіпкерлерінің ескерткіші 2010 жылы тамыз айында орнатылды.

Ярославль, Ресей


Георгий Данелияның «Афоня» комедиясының кейіпкерлеріне Ярославль қаласында 2010 жылы ескерткіш орнатылды.

Форумда талқылау

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ