АҚШ-та қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр

АҚШ-та қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр

АҚШ-та бұл күндері "Дала гүлдері": қазақ киносының панорамасы" атты қазақ фестивалі өтіп жатыр.

Кинофестиваль қарашаның 14-і мен 18-і аралығында Бостон мен Вашингтон қалаларында өтеді деп жоспарланған. "Қазақфильм" сайтында осы оқиғаға байланысты: "Фестиваль америкалық көрермендерге Қазақстанның заманауи мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Фестивальдің ұйымдастырылу мақсаты екі ел арасындағы достық пен мәдениетті кино өнері арқылы нығайту" делінген. Шара Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі қолдауымен өтіп отыр. 

Кинофестиваль бағдарламасына "Сталинге сыйлық", "Келін", "Періштеге хат", "Жұлқыныс", "Секер", "Аққыз" сияқты кино туындылар енген. Картиналарды режиссер Ермек Шынарбаев қоятын болады. Айта кететін жағдай кинолардың көпшілігі тегін көрсетілмек. Кейбір картиналарды тамашалау бағасы 4-11 доллар аралығында болмақ.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: tengrinews.kz

Б. Қосмағамбет