Джеймс МакЭвойдың үздік рөлдері

Джеймс МакЭвойдың үздік рөлдері
Фото: Коллаж

Джеймс МакЭвой осы уақытқа дейін ерекше рөлдерімен көзге түсіп, халық ықыласына бөленген болатын. Ол 1979 жылы 21 сәуірде Шотландияда дүниеге келеді. Ол католик мектебінде білім алады, наубайханада жұмыс жасайды, Шотланд Патшалық музыка және драма академиясында оқып, британдық актерлердің ішінде ең танымалы болады. Осы уақытқа дейін түрлі рөлді сомдаған МакЭвой болашақты британ киносының классигі, режиссер Кен Лоучтің фильмдерінде бой көрсетуді армандайды. Оған рөлдерінің әркелкі болғаны ұнайды және батыл да, жарқын рөлдерді қуана-қуана қабылдайды. Биыл қырық жасқа толған актердің ең үздік рөлдерін назарларыңызға ұсынамыз:

«Менің жаным билеуде» / «… А в душе я танцую» (2004)

Похожее изображение

Икс профессоры рөліне дейін Джеймс МакЭвой мүгедектер арбасына Дэмиен О’Доннелланың драмасында отырады. Бастапқыда екінші реттік рөлге бекітілген болатын. Бірақ, жұмыс барысында Рори О’Ши рөліне келетіндігі байқала бастайды. Өз кейіпкерін түсіну үшін ол Дюшен (жүйке бұлшық еттердің істен шығуы) ауруына шалдыққан адамдармен жиі тілдеседі. Осылайша, олар аяушылықтан гөрі, өздерін елемегенді жөн санайтындығын ұғады. Күніне 12 сағатын мүгедектер арбасында өткізетін актер өз кейіпкері аяушылық сезімін тудырамауы үшін жұмыстанады. Рори әлсіз көрінуі мүмкін, дегенмен, актердің ойынының арқасында оны аяғаннан гөрі, сүйсіну сезімі жиі туады.

 «Шотландияның соңғы патшасы» / «Последний король Шотландии» (2006)
Картинки по запросу Последний король Шотландии

МакЭвойдың Кевин Макдональдтің драмасындағы рөлі – шотланд дәрігері. Ол Уганда президенті әрі диктатор Иди Аминнің тұтқыны болады. Бастапқыда фильм сценарийі актер үшін іш пыстарлықтай көрінеді. Дегенмен, болашағы бар-ау деген болжаммен іске кіреседі. Басты рөлдегі кейіпкер ойдан шығарылған болса да, фильмде шынайы оқиға элементтері мен кейіпкерлер кездеседі. Рөліне дайындық кезінде ол Уганда тұрғындарымен араласып, олардың Аминге деген көзқарастарымен танысады.  

«Өтем» / «Искупление» (2007)
Картинки по запросу Искупление

Джо Райттың «Өтем» драмасын Джеймс МакЭвой басынан бастап ерекше жақсы көреді. Сценарийін оқып болып, осы уақытқа дейін оқығандарының ішінде ең үздігі деп таниды. Картина баланың өтірігінен соң тас-талқан болған ересектер өмірі жайында болмақ. МакЭвой мен Кира Найтли арасындағы балғын сезім мен байланыстың өзі көрермен көңілін еріксіз баурап алады. Кейінгі сұхбаттарында МакЭвой жағалаудағы Дюнкеркте орын алған жағдайдың өзіне ерекше әсер еткенін айтады.

«Батпақ» / «Грязь» (2013)
Похожее изображение

Джон С. Бейрдтің «Батпақ» атты трагикомедиясы МакЭвой үшін ең үздік фильмдердің бірі болып қалмақ. Бұзық әрі өмірден адасқан детективтің рөлін сомдау үшін МакЭвой түсірілімнен бір күн бұрын жарты бөтелке шарап ішеді. Осылайша, өз образына ену үшін жұмыстанады. Адам санасында түрлі эмоцияларды ойнататын, не жақсылықтың белгісі емес, не араздықтың нышанын білдірмейтін, бейтарап бола тұра жек көрініш пен махаббат сезімдерін қатар оятатын МакЭвой рөлі оның мансабындағы үздік рөлдердің қатарына енді.

«Сплит» (2016) және «Шыны» / «Стекло» (2019)
Картинки по запросу сплит

МакЭвойдың мансабына тың өзгеріс әкеліп, оның актерлік шеберлігіне халықты тәнті еткен фильмдердің бірі – М. Найт Шьямаланның суперқаһармандар жайында франшизасы болатын. Бастапқыда рөлге Хоакин Феникс бекітіледі. Арада түсінспейшіліктер туған соң, рөл МакЭвойға тиеді. Шотландия актері 23 адамның образын бір фильмде сомдайды. Алғашқы фильмде 23-тің тек 9-ын көрсетсе, екінші фильмде 19-ы жарыққа шығады.

«Сплит» түсірілімі кезінде МакЭвой қолынан жарақат алады. Соған қарамастан, ол өз ойының жалғастырады. Араға үш күн салып қана өзінің жарақаты жайында хабарлап, медициналық көмек алады.

Адам баласы бір нәрсені жан-тәнімен жақсы көріп істесе, міндетті түрде биікті бағындырады. Джеймстің болмысы осы хақында. 

Т. Есқали