"Гуава аралы": Рианна басты рөлді сомдаған фильм тизері

"Гуава аралы": Рианна басты рөлді сомдаған фильм тизері

Amazon Prime компаниясы "Гуава аралы" аталатын жаңа туындының қысқа тизерімен бөлісті.  

Картинада басты рөлдерді атақты әнші Рианна мен актер Дональд Гловер сомдайды. Гловер, сондай-ақ,  Childish Gambino тобының музыканты. Бұл жоба туралы былтыр тамыз айында белгілі болған. Ол кезде Childish Gambino-ның инстаграм парақшасына Рианна мен Дональд Гловердің Кубада түскен фотосуреті жүктелген еді.

Фильм премьерасы сенбіден бері болып жатқан Коачелла музыка мерекесінде өтті. Ал 13 сәуір күні Prime платформасына жүктелді. Оны 18 сағат ішінде тегін тамашалау мүмкіндігі берілген еді.

Жобаға Ри мен Гловерден бөлек, Летиша Райт ("Қара Пантера") пен Нонсо Анози ("Тақтар ойыны") жұмылдырылған. Режиссер — Хиро Мурай.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар