Netflix: Мэрилин Монро туралы жаңа фильм шығады

Netflix: Мэрилин Монро туралы жаңа фильм шығады
Фото: vk.com

Netflix платформасы Мэрилин Монро туралы жаңа фильмнің тұсауын кеспек. Картина Blonde ("Блондинка") деп аталады. Жобаның режиссері ретінде аустралиялық Эндрю Доминик бекітілген. 

Сюжет Джойс Кэрол Оутстың 2000 жылы шыққан романының желісі бойынша жазылған. Бұл туындының өзі сол кезде Пулитцер премиясына ұсынылған екен. Автор ХХ ғасыр жұлдызының ішкі жан-дүниесіне үңіле отырып, Америкадағы әлеуметтік әділетсіздік туралы баяндайды.

Бұрын туынды мини-сериал форматында экранизацияланған. 2001 жылы шыққан жобада Мэрилин рөлін Поппи Монтгомери сомдаған. Ал Netflix платформасы жасаған нұсқаға қатысты өзге деректер жарияланбады.

А. Оралқызы