"Мимино": Режиссер Георгий Данелия өмірден өтті

"Мимино": Режиссер Георгий Данелия өмірден өтті

Мәскеу қаласында 89 жасқа қараған шағында режиссер Георгий Данелия өмірден өтті. Бұл туралы "Новая газета" басылымы жазды. Хабарды режиссердің отбасы жариялаған.

Ақпан айында режиссер өкпе қабынуы салдарынан реанимацияға түскен екен. Тыныс алуын жеңілдету үшін дәрігерлер оны жасанды комаға салған.  

Естеріңізге сала кетейік, режиссер өз заманында "Афоня", "Мимино", "Күзгі марафон", "Кин-дза-дза" сынды картиналарымен миллиондаған көрермен жүрегін жаулап алған болатын.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар