Атақты сериалдардың пилоттық нұсқалары қандай болған?

Атақты сериалдардың пилоттық нұсқалары қандай болған?
Фото: rg.ru

Телеарналарға сериалдарды сатып, оларды эфирге жібермес бұрын студиялардың сынамалы жоба ретінде (пилотная версия) бір бөлімін түсіріп қарайтыны жасырын емес. Оның көмегі арқылы телекөрермендердің пікірін, жоба болашағы мен оның қаншалықты сәтті екенін аңғаруға болады. Кейде сәтті шығатыны соншалықты, ол бүкіл маусымның алғашқы бөлімі ретінде қала береді. Кей жағдайда керісінше, соңғы бөлімдерімен салыстыра келе оның бір автордың жұмысы екеніне сену қиынға соғады. Сонымен, пилоттық нұсқасы нашар түсірілген сериалдар тізімін ұсынамыз:

1. «Тақтар ойыны» (Игра престолов)

Картинки по запросу игра престолов
Сериалды жасаушы Дэвид Бениофф пен Даниэл Бретт Уайсс сценарий жазуға 4 жыл уақыт жұмсаса, пилоттық нұсқаға бір ай кеткен. Пилоттық нұсқа өте нашар шыққан. Оны алғаш достарына және сценарист Крэйг Мазинге көрсеткен. Олар бірнеше кеңес алуға үміттенгенімен, аяғында сынға қалған. Тіпті, Бениофф өзінің қойын дәптеріне сынның бәрін үлкен әріппен «ҮЛКЕН МӘСЕЛЕ» деп жазып қойған екен.

Мазин және сериалға тапсырыс берген HBO басшылығы да пилоттық нұсқадан оқиғаның желісін түсіну мүмкін еместігін ашық айтқан. Оның себебі авторлардың кітапты түпнұсқасындағыдай жеткізуге тырысқандығымен байланыстырған. Әсіресе, басты кейіпкерлердің қарым-қатынасын ұғу қиын болған. Біраз сын естіген Бениофф пен Уайсс батыл шешім қабылдайды: пилоттық нұсқаның 90%-ын жаңартады, актерлерді қайта іздестіріп, кастинг жариялайды, оқиға желісіне өзгеріс енгізеді. Тұсаукесерінде болған Мазин өмірінде мұндай сәтті оқиғаны кездестірмегенін айтады: жер түбінде жатқан нәрседен үздік туынды жасау екінің бірінің қолынан келмейтінін атап өтті.

2. «Шерлок»

Картинки по запросу Шерлок

«Шерлоктың» эфирге шықпаған пилоттық нұсқасы барын оның жанкүйерлері жақсы біледі. Марк Гейтисс пен Стивен Моффат пилоттық нұсқаны ұнатқандары соншалықты оны алғашқы маусымымен қоса, DVD құрамына енгізеді. Пилоттық нұсқаның «Шерлоктың» алғашқы бөлімінен еш айырмашылығы жоқ: Шерлок пен Ватсонның алғашқы таныстығы, жұмбаққа толы өлім мен зұлым такси жүргізушісі. Эпизод BBC басшылығының ойынан шығады, дегенмен, олар қайта түсіруді ұсынады. Басында алғашқы маусым бір сағаттық 6 бөлімнен тұрады деп жоспарланған болатын. Дегенмен, BBC басшылығы сағат жарымнан толықметражды 3 серия түсіруді ұсынады. Пилоттық нұсқаға 30 минут жалғаудың орнына, олар түсірілім жұмыстарын қайта бастайды. Басты себебі – қаражат. Алғашқы нұсқасы небәрі 800 мың фунт тұратын, ол нұсқа бұл «Шерлоктан» арзан көрінетін. Соңғы нұсқасы сапалы шыққаны сөзсіз.

3. «Жұлдызды жол» (Звездный путь) 

Похожее изображение

Эфирге шығу үшін NBC арнасының үздік сериалдарының біріне екі пилоттық нұсқа керек болған. Біріншісі 1965 жылдың басында түсіріліп, «Тор» (Клетка) деп аталған. Бұл нұсқада Кирк қолбасшы болмаған, тіпті «Энтерпрайз» ғарыш кемесінің көптеген мүшелері де жоқ екен. Тек таныс бейнелерден Леонард Ниманы ғана тамашалай аласыз. Ол сомдаған Споктың қалың әрі күлкілі қасы болған.

NBC арнасы үшін пилоттық нұсқада оқиға желісі баяу дамитын болып көрінген. Олар сериалдан бас тартпай, тағы бір нұсқаға тапсырыс берген. Нәтижесінде, бүгінде белгілі сериал эфирге жол тартты.

Т. Есқали