Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Netflix vs Cannes: Соғыс әлі де жалғасуда

Netflix vs Cannes: Соғыс әлі де жалғасуда

Netflix vs Cannes: Соғыс әлі де жалғасуда

Канн кинофестивалі мен Netflix стримингтік платформасы арасындағы соғыс  әлі де жалғасуда. Биыл осымен екінші рет Netflix түсірген фильмдер Канн кинофестиваліне қатыспайын деп отыр. Бұл туралы Батыс басылымдары жарыса жазуда.

Мәселе неден басталды?

Былтыр Канн кинофестивалінің басшысы Тьери Фремо кинотеатрда релизі болмайтын стримингтік платформа өнімдерінің фестке қатысуына тиым салды. Netflix фильмдерінің көрсетілімі фестиваль аясында өткізілуіне рұқсат болса да, олар марапатқа ұсынылмайтын еді. Канн картинаны платформаға жүктеу үшін кинотеатрларда көрсетілгеннен 36 ай өтуін талап етті. Бұл, әрине, Netflix басшысы Тед Сарандосқа ұнамады. Сол себепті платформа өз туындыларын Канн фестивалінен "алып кетті". Осылайша 2018 жылдың триумфатор туындысы, яғни, Альфонсо Куаронның "Ромасы" Каннда көрсетілмеді. Есесіне, Венеция кинофестиваліне қатысып, "Алтын Арыстан" марапатына қол жеткізді.  

Кей Батыс басылымдары инсайдерлер берген мәліметке сүйеніп Фремо мен Netflix өкілдері Лос-Анджелесте осы мәселеге қатысты келіссөздер жасағанын айтады. Бірақ, бұл кездесу нәтиже бермегенге ұқсайды. Өйткені, Netflix фильмдері биыл да Канн кинофестиваліне қатыспайын деп отыр.   

Тьери Фремо "Ромадай" перспективті картинаны "уысынан шығарып алғанына" өкінген болса керек. Биыл, сірә, Мартин Скорсезенің "Ирландиялық" (басты рөлдерді Роберт Де Ниро мен Аль Пачино сомдаған) аталатын картинасының премьерасын Канн фестінің аясында өткізуді көздегенге саяды. Мартин Скорсезе режиссерлік мансабын осы Каннда бастаған. Бірақ, картина мамыр айына дейін дайын болмайды екен. Демек, ол да Венеция кинофестивалінде көрсетіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, 72-ші Канн фестивалі биыл 14-25 мамыр аралығында өтеді.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 19 наурыз, 10:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.