"Біз" хорроры әлеуметтік желіні шулатуда

"Біз" хорроры әлеуметтік желіні шулатуда
Фото: mybbthemes.eu

South by Southwest шарасында «Әрмен» (Get Out ) фильмімен танымал режиссер  Джордан Пилдің жаңа «Біз» (Us)  деп аталатын фильмінің тұсаукесері өтті. Twitter әлеуметтік желісінде фильмді көргендер мынандай пікірлер білдірді:

 


«Біз» — қорқынышты фильмдердің нағыз жауһары. Біз заманауи Хичкоктің өмірге келгенін көрдік. Араға 20 жыл салып, біз сүйікті «Ара» фильмі туралы сұрап, 10-12 түрлі жауап алатын боламыз. Лупита Нионгоның керемет ойынына куә болдық.


Мен пікірімді дәлелдеуге тырыспаймын. Бірақ, бұл–мен көрген топ-10 фильмнің бірі.

Қорқынышты фильмдер жанрына махаббатпен жолдау. Сүйкімді отбасы, аяуды білмейтін қанішерлер, жүйкені шымырлатпай қоймайтын музыка, литрлеп төгілген қан. Бұның бәрі қорқыныш тудырмай қоймайды.

Нағыз аттракцион. Жеткілікті түрде ерекше, жеткілік қорқынышты, тіпті, кейде жүрекке де тиеді. Өте керемет жұптық ойын.

Жақсы кино. Шынымен. Уинстон Дьюк керемет, фильм «Ара» фильмін еске түсіреді. Лупита – сізді сезім шырмауына түсіреді. Фильмде барлық қорқынышты фильмдердің бөліктері кездеседі. Қысқа болуы да мүмкін еді, бірақ, жеңіс алып келетіні анық.  

Т. Есқали