«Оскарға» ие болған «Жасыл кітап»

«Оскарға» ие болған  «Жасыл кітап»
Фото: ru.rfi.fr

Жылда «түсініксіз» фильмдерге ұсыналатын «Оскар» биыл көрермен ықыласына бөленген бірнеше актер мен режиссерлерді бақытқа бөледі. Соның ішінде режиссер Питер Фарреллидің биографиялық туындысы үш номинация бойынша жүлдеге ие болды: «Үздік фильм», «Үздік төлтума сценарий», «Екінші қатардағы үздік актер».

Фильм 60-жылдардың басында қара нәсілді пианиношы Дон Ширлидің АҚШ оңтүстігіне гастрольдік сапарын сипаттайды. Нәсілге жіктеу әлі күнге дейін басыла қоймағандықтан, ол өзінің жанына күзетші әрі жүргізуші ретінде лақап аты «Мылжың» (Болтун) атты жігітті жалдайды. Басында тіл табыса алмаған екеуі, фильм аяғында жақын достарға айналады.

Оқиға желісі атақты әні Дон Ширли мен оның жүргізушісі Тонидің басынан кешкен оқиға негізінде түсірілген. Сценарийдің негізін кейіпкерлердің бірінің ұлы – Ник Валлелонг жазған. Дегенмен, кейін Ширли туысқандары оқиға желісінің басым бөлігі ойдан шығарылғанын айтып шағымданған. Әсіресе, Ширли мен Тони достығы мен Донның жанұясымен қарым-қатынасымен байланысты сәттерде асыра сілтеу көбірек.

«Жасыл кітап» атауының да өзіне сай тарихы бар. АҚШ-та отызыншы жылдар мен алпысыншы жылдар аралығында, почта қызметкері Хьюго Грин жасақтаған The Negro Travelers’ Green Book атты анықтамалық шыққан. Өйткені, сол уақытта қара нәсілді саяхатшыларға тамақтанатын және тұрақтайтын жерді сақтықпен таңдауға тура келетін. Көптеген қонақ үйлер мен кафелер олар үшін жабық болатын.

Сценаристер тарихи сәттер, шынайы кейіпкер мен шығармашылық жинақты біріктіре отырып, АҚШ тарихы мен Дон Ширли шығармашылығын білмейтін жандар үшін де қызықты фильмнің негізін қалады.  

Комедиялық режиссердің салмақты фильмі:
Питер Фаррелли ағасы Бобби секілді ерекше комедияларымен танымал. Олар біріге отырып, «Ақымақ және одан да ақымақ», «Мен, тағы да мен және Ирэн», «Муви 43» атты фильмдерімен танымал. «Жасыл кітап» фильмінде де күлкілі оқиғалар көп. Әсіресе, қызықты сәттердің басым көпшілігі көлікте жеке қалғанда болады. Осы жолы Фаррелли фильмді салмақты етіп түсіруге тырысты: оқиға желісінің басты оқиғасы достық пен қарым-қатынасқа қаланса, оқиғаның барлығы расизм тақырыбының аясында іске асады.

Шеберлік сағаты:
Әрине, Вигго Мортенсен және Махершала Али шынайы өмірдегі Ширли мен Тониға ұқсамайды. Дегенмен, фильм авторлар сыртқы ұқсастыққа емес, олардың дарындарына мән беруге тырысты. Датчанин Мортенсен итальяндық мылжыңды ойнау үшін салмақ қосты әрі өз жұмысын керемет ойнап шықса, Махершала Али өзінің тарихи прототипінен әлдеқайда ұзынырақ. Тіпті, ол пианинода ойнаған кезде, барлық әуеннің жазба екенін аңғару қиын.

Вигго Мортенсенға «Оскар» табысталмады. Өйткені, оның басты бәсекелесі «Богемдік рапсодия» фильмінде Фредди Меркьюри рөлін сомдаған Рами Малек болатын. Ал, Али өзіне тиесілі жүлдеге еш қиындықсыз ие болды.

Неге «Жасыл кітап» «Оскарға» ие болды?
Фильмде тарихпен байланысты оқиғалар нақты сипатталып, өзекті тақрыпы қозғалады. Одан бөлек, автор руханият тақырыбын көтереді және екі әлемнің адамдарының арасындағы достықты сипаттайды. Одан бөлек, фильм саундтрегі де ерекше.

Т. Есқали