Шабыт сыйлайтын сериалдар

Шабыт сыйлайтын сериалдар
Фото: romper.com

Күнделікті тіріліктен бір уақыт босап, қолыңыз тиіп жатса, мына сериалдардың бірін көруді ұсынамыз:

«Қоғам / «Community» / «Сообщество»
Оқиға аса танымал емес аймақтық колледжде жүзеге асады. Басты кейіпкер – байлық пен атаққа үйренген заңгер. Ол алған дипломы жалған екенін білгеннен соң, оқуға аттанды.  Бұл – өмірде жолы болмаған, бірақ, бәрін қайта бастауға шешім қабылдаған жандардың оқиғасы.  Басында көрермен үшін жағымсыз кейіпкерлер уақыт өте сүйіктілер қатарына қосылады.

Дегенмен, сериалдың басты идеясы – қарапайым өмірдегі адамдардың қарым-қатынасы. Әлемде жалған пәлсапаға еріп, жалған ізденістің артына түсетіндер көп. Сериал әлемді сізді тура қалпыңызда қабылдайтын әлемнің барын көрсетеді.

«Майлы бояу»/ «The bold type» / «Жирный шрифт» 
Бұл сериал батыл, ашық-жарқын адамдарға арналған. Бір-біріне қарама-қайшы әлемде өз құндылықтарын жоғалтпауға тырысқан жандардың тағдыры сипатталады.
«The bold type»  сериалы адамдарды кішкентай мәселеден бастап, қолдау мен шабыт жетіспей қалатын үлкен армандарды айтуға шақырады.

«Сынақ пен қателік» / «Trial & error» / «Методом проб и ошибок»
Әйелінің өліміне күдікті ретінде танылған зейнеткерді қорғау мақсатында жас заңгер ауданға келеді. Іске белсене кіріскенімен, жас заңгер анық нәрсені байқағасы келмейді: іс ушыға түседі, қала тұрғындары одан безіне бастайд, ал тобы кәсібиліктің жетіспеуінен жапа шегеді. Басты кейіпкер өз қателігінен сабақ алмаса да, көрермен оның қателігін қайталуға болмайтынын ұғып отырады.

Т. Есқали