"Оскар — 2019": Марапаттау рәсімі тікелей эфирде көрсетіледі

"Оскар — 2019": Марапаттау рәсімі тікелей эфирде көрсетіледі
Фото: vk.com

"Оскар" марапатын табыстау рәсімін ұйымдастырушылар биылдан бастап тікелей эфирде толыққанды көрсетуге уәде беріп отыр.

Онлайн көрсетілімде барлық 24 номинация бойынша марапат табыстау рәсімін тамашалау мүмкіндігі туады. Осы жылға дейін тек санаулы аталымдар бойынша жеңімпаздар ғана көрсетіліп келген.

Бірақ 90 кинематографист бұған қарсы болды. Олардың қатарында Спайк Ли, Квентин Тарантино мен Мартин Скорсезе бар. Киноакадемия олардың талабын орындап, шараны түгел көрсетуге орындауға мәжбүр болды.

Естеріңізге сала кетейік, "Оскар" марапаттау рәсімі 24 ақпанға жоспарланған.

Т. Раушанұлы