Бейнеойын желісі бойынша түсірілген фильмдер

Бейнеойын желісі бойынша түсірілген фильмдер
Фото: tygpress.com

Биыл көгілдір экранға көптеген бейнеойындар желісі бойынша түсірілген фильмдер шығады. Call Of Duty, Пикачу секілді ойындардың кино нұсқасы өте қызық болары сөзсіз. 

Call Of Duty

Call of Duty шутерін енді көгілдір экраннан көре аласыз. Ойын желісі бойынша фильм түсіру туралы әңгіме көптен бері айтылып келген. Енді әзірлеушілер сөзден іске көшті. Жаңа фильмнің режиссері - Стефано Соллима. Ал сценарийді Киран Фитцджеральд пен Оливер Стоун жазады. Фильм жауынгердің өмірі туралы болмақ.

Шығу уақыты: Белгісіз

Детектив Пикачу

Бас кейіпкер Тим Пикачу покемонының көмегімен із-түссіз кеткен әкесін іздемек. Покемондар өмір сүретін Райм-Сити қаласында бас кейіпкер мен оның досы қызықты оқиғаларға тап болады.

Шығу уақыты: 16 мамыр 2019 жыл

Соник кинода

Аңызға айналған Соник Икс пен оның достары — өнертапқыш әрі адал түлкі Тейлз, жауынгер кірпі Эми, мейірімді бала қоян Крим зұлым Эггман докторға қарсы шығады. Зұлым доктор өзінің роботтар әсерімен Хаос зүбаржатын қолына түсіргісі келеді. Эггманды танымал актер Джим Керри сомдады.

Шығу уақыты: 7 қазан 2019 жыл

Minecraft

Стив – қоғамға араласа алмайтын ауылдың жалғыз тұрғыны. Күндердің бір күні тас өндіруде ол Клункты кездестіріп қалады. Екеуі бәрін тастап, қызықты саяхатқа шығуға бел буады.

Шығу уақыты: 7 мамыр 2019 жыл

Uncharted

Бұл ойынның жанкүйерлері 2010 жылдан бері Нейтан Дрейкті кинода күтіп жүр. 10 жыл бұрын Марк Уолберг басты рөлді сомдайтынын, ал әріптестері Роберт Де Ниро мен Джо Пеши болатынын мәлімдеген еді.

Шығу уақыты: Белгісіз

God Of War

Ойын желісі бойынша кино түсірілімі басталып кетті. Сценарийді Дэвид Джаффе жазған. Ал басты кейіпкерді Дейв Батиста сомдайды.

Шығу уақыты: Белгісіз

Айбар Рысдәулет

Massaget