Санденс — 2019: Тәуелсіз фильм фестивалінің үздігі

Санденс — 2019: Тәуелсіз фильм фестивалінің үздігі

24 қаңтар мен 3 ақпан аралығында АҚШ-та  "Санденс — 2019" тәуелсіз фильм фестивалі өтіп жатыр. Шара аясында премьерасы өткен "Сувенир" фильмі үздік шықты.

Режиссер Джоанна Хоггтың ("Бөгде", "Көрме") картинасы туралы сыншылар тек жақсы пікірдегі рецензия жазған. Оған қоса, Rotten Tomatoes сайтындағы рейтингте 100% дауыс жинаған.

"Сувенир" фильмінде басты рөлді сомдаған 21 жастағы Хонор Суинтон-Бирн "Үздік актерлік дебют" аталымын жеңіп алды. Байқағаныңыздай, жас актриса — аты әлемге аян Тильда Суинтонның қызы.

"Сувенир" — режиссердің жартылай автобиографиялық туындысы. Сюжет желісі бойынша Джули есімді қыз "Кино тарихы" бөлімінде оқиды. Кейін бір жігітке ғашық болып, ал сүйгені бұл ойлағаннан мүлде өзге адам екені анықталады. Осындай қиын сынақтан өткен кейіпкер өзінің жаңа болмысымен бетпе-бет келіп, өзгеріп сала береді.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді