"Коконың құпиясы" мультфильміндегі қазақша 5 ән

"Коконың құпиясы" мультфильміндегі қазақша 5 ән
Фото: independent.co.uk

"Коконың құпиясы" мультфильмі – "Үздік анимациялық фильм" және "Үздік ән" (Remember Me, әні мен сөзі Кристен Андерсон-Лопес және Роберт Лопес) номинацияларында "Оскар" алған Pixar студиясының мюзиклі. Мультфильм көрерменін ата-бабаны ұмытпауға, отбасын сүйіп, мақсатқа жете білуге шақырады. 2017 жылы шыққан бұл мультфильм қазақ тіліне дубляжы жасалды. 

Дубляжға барлығы 35 актер қатысқан. Басты рөлдегі кейіпкерлерді Ақарыс Әшімхан (Мигель), Олжас Жақыпбек (Эктор), Сайлау Қамиев және Нұркен Өтеуілов (Эрнесто Де Ла Круз) сынды актерлер дыбыстаған. Мәтінді аударған – Әсел Мамырова.

"Коконың құпиясы" мюзикл болғандықтан, ырғақты әндер көп орындалады. Назарыңызға сол әндердің ішінен іріктелген 5 әсерлі әнді ұсынамыз.

1. Remember me

Мультфильмнің "Оскар" иеленген басты әні үш нұсқада орындалған. 
 
"Ұмытпа сен", Қайрат Баекенов
"Ұмытпа сен", Ақарыс Әшімхан
"Ұмытпа сен", Олжас Жақыпбек, Дина Болат

Сөзі: 

Ұмытпа сен,
Жүрсек тағы жолықпай.
Ұмытпа сен,
Мұңайма сен бұлай.
Қалсам да саған бара алмай,
Әлі болар сол шақ,
Арналар саған әндерім,
Шырқалар шарықтап!
Ұмытпа сен,
Жүрсек тағы жолықпай.
Ұмытпа сен,
Гитара үні шалқыса.
Мұңайғанмен күнде көрмей, көктем келеді.
Қайтадан мені көргеншееее,
Ұмытпа сен!


2. The world es mi familia

"Отбасым бар әлем болса", Ақарыс Әшімхан

Сөзі:

Сеньорес и сеньорес,
Қайырлы түн, қайырлы кеш,
Мұндай күндер ойдан кетпес,
Сеньоритес а сеньорес!
Бұған неге қуанбайын,
Жетсе көпке ән мен биім
Тілім менің ән менен күй,
Отбасымыз әлем болса!
Тілім менің ән менен күй,
Отбасымыз әлем болса!
Тілім менің ән менен күй,
Отбасым бар әлем болса!
Тілім менің ән менен күй,!!!
Тілім менің ән менен күй,
Отбасым бар әлем болса!


3. Un poco loco

"Жындының әні", Ақарыс Әшімхан, Олжас Жақыпбек

Сөзі:

Аспаным қандай? Ay mi amor ay mi amor
Оны қызыл дедің. Ay mi amor ay mi amor
Ал етікті қайтем? Ay mi amor ay mi amor
Сен басыңа ки дейсің, Ay mi amor ay mi amor
Сен мені де мезі қылдың, мезі қылдың мені өте,
Қайтемін мен көнемін, оны да сен білесің.
Бақытсыз мен емеспін, бәрібір де жынды болдым ғо…
Сен мезі қылдың мені,
Ессіздік қой оны б(і)лесің,
Өзің бір жай жүрмейсің.
Таң қалдырасың сен де
Амал қалмады менде
Осылай жынды болдым ғой!
Таң қалдырасың сен де,
Амал қалмады менде.
Таң қалдырасың сен де,
Амал қалмады менде.
Таң қалдырасың сен де,
Амал қалмады менде.
Таң қалдырасың сен де,
Амал қалмады менде.
Ал, мен халила-лейлілі-лейліл-лейлілі-лейлілі-лейліл-лейлілі- жынды болдым!


4. La Llorona

"Ла Льорона", Айнұр Бермұхамбетова

Сөзі:

Әй, егер бар болса,
Бар болса жүректің бір емі!
Әй, егер жан болса,
Бар болса сырласым үнемі!
Сынағанмен өмір күнде жолымда,
Сүйіп өтем мәңгілікке!
Сүйіп өтем мәңгілікке!
Шықтым қарағайдың басына , қарауға,
Іздеп тілдесетін адам.
Көріп мені егіліп-жылады ол сонша,
Қайғысын басу оңай ма?
Әй егер бақ қонса, бақ қонса,
Табылса жүректің бір емі!
Ай шіркін қашанда бар болса,
Қасымда сырласым үнемі!
Сынағанмен өмір күнде жолымда,
Сүйіп өтем мәңгілікке
Ай шіркін қашанда бар болса,
Қасымда сырласым үнемі!
Сынағанмен өмір күнде жолымда,
Сүйіп өтем мәңгілікке!
Сынағанмен өмір күнде жолымда,
Сүйіп өтем мәңгілікке!
Сүйіп өтем мәңгілікке!
Сүйіп өтем мәңгілікке!
Ай-ай-ай


5. Proud Corazón

"Жүрек барда жалыннан жаралған", Ақарыс Әшімхан

Сөзі:

Ақылсыз дедің,
Мені неліктен?
Көремін түсімде, өзіңді күнде мен,
Оянған кезімде, жүрек толып әнге,
Сен қосылып маған, ән салдық біз бірге-е-е-е-е-е-е-е!
Жанымды тербеген,
Әнді сүйемін мен!
Шаттыққа бөленгенде, жалын сөнбеген!
Өзіме сенемін, бәрін де жеңемін,
Жүрек барда жалыннан жаралған!
Өзіме сенемін, бәрін де жеңемін,
Жүрек барда жалыннан жаралған!
Ал, бұл жанұям, отбасым менің,
Көңілім көктем, сезім нұрлы.
Ал, қане кел бәрің, жиналып көріңдер,
Жүрегім бар жалыннан жаралған!
Ал, бұл жанұям, отбасым менің,
Көңілім көктем, сезім нұрлы!
Ал, қане кел бәрің, жиналып көріңдер,
Жүрек жанған оттай жалын ғой!
Әр лүпілі

Massaget.kz