Кинооператорлар үздік 100 фильмді анықтады

Кинооператорлар үздік 100 фильмді анықтады

Биыл Америкалық кинооператорлар қоғамының құрылғанына 100 жыл толды. Осының құрметіне академия мүшелері кинематография тарихындағы үздік операторлық жұмыстар мен визуалды эстетикаға тұнық туындыларды анықтады.

Рейтингке ХХ ғасырда түсірілген картиналар енді. Талантты италиялық оператор Витторио Сторароның екі туындысы қатарынан алғашқы ондықтан табылды. Ол осыған дейін 3 мәрте "Оскар" марапатын алған, сондай-ақ, Бернардо Бертолуччи, Дарио Ардженто мен Фрэнсис Форд Коппола сынды ұлы режиссерлердің түсірілім алаңынды жұмыс істеген. 

Алғашқы ондықты назарларыңызға ұсынамыз, толық тізімді көреміз десеңіз, мына сілтемеге өтіңіз:

1."Лоуренс Аравийский" (Lawrence of Arabia), 1962
Режиссер — Дэвид Лин, оператор — Фредди Янг

2. "Ұстараның жүзінде жүгірген" (Blade Runner), 1982
Режиссер — Ридли Скотт, оператор —  Джордан Кроненвет

3."Апокалипсис бүгін" (Apocalypse Now), 1979
Режиссер — Фрэнсис Форд Коппола, оператор — Витторио Стораро

4."Азамат Кейн" (Citizen Kane), 1941
Режиссер — Орсон Уэллс, оператор — Грегг Толанд

5."Өкіл әке" (The Godfather), 1972
Режиссер — Фрэнсис Форд Коппола, оператор — Гордон Уиллис

6."Құтырған бұқа" (Raging Bull), 1980
Режиссер — Мартин Скорсезе, оператор — Майкл Чэпмен

7."Конформист" (The Conformist), 1970
Режиссер — Бернардо Бертолуччи, оператор — Витторио Стораро

8."Жұмақ күндері" (Days of Heaven), 1978
Режиссер — Терренс Малик, оператор — Нестор Альмендрос

9."2001: Ғарыштық одиссея" (2001: A Space Odyssey), 1968
Режиссер — Стэнли Кубрик, оператор — Джеффри Ансуорт

10."Французша байланыс" (The French Connection), 1971
Режиссер — Уильям Фридкин, оператор — Оуэн Ройзман






ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila